Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.02.2016
Куәландырушы орталықтың үлгілік ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 8 желтоқсандағы N 458-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 23 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4027
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің  09.12.2015 жылғы № 1184 Бұйрығына сәйкес
      "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  және "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 383-ө  өкіміне  сәйкес   БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған Куәландырушы орталықтың үлгілік ережесі бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ақпараттандыру және заң қызметі департаменті (А.С.Жайлаубаева) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен келісілгеннен кейін заңнамамен белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге қамтамасыз етілсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары К.Б.Есекеевке жүктелсін. 
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасы
 Ақпараттандыру және
 байланыс агенттігі төрағасының
 2005 жылғы 8 желтоқсандағы
 N 458-Ө бекітілген
Куәландырушы орталықтың үлгілік ережесі 
1. Осы Куәландырушы орталықтың үлгілік ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  (бұдан әрі - Заң) сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбаны куәландырушы орталықтың негізгі мақсаттары мен функцияларын белгілейді . 
2. Куәландырушы орталық Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асырады.
3. Куәландырушы орталық - электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін, сондай-ақ тіркеу куәлігінің шынайылығын куәландыратын заңды тұлға. 
Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының  заңына  сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ лицензиялауға жататын тіркеу куәлігінің шынайылығын растау жөніндегі қызмет.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға куәландырушы орталықтың функциясын орындауы мүмкін.
   2. Куәландырушы орталықтың негізгі  
  міндеттері мен функциялары 
5. Куәландырушы орталықтың негізгі міндеті электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңба жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру, сондай-ақ тіркеу куәлігінің шынайылығын растау болып табылады.
6. Куәландырушы орталық заңнамамен белгіленген тәртіппен өз құзыретінің шегінде мынадай функцияларды: 
1) тіркеу куәліктерінің тіркелімінде тіркеу куәліктерін беруді, тіркеуді, кері қайтарып алуды (жоюды), сақтауды, тіркеу куәліктерінің тіркелімін жүргізуді, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаның кілтінің тіркеу куәліктерін жасауды, оның ішінде оларды қолданылуы туралы ақпаратпен электрондық құжаттарды қағаз жүзінде және электрондық құжат нысанда; 
2) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін заңсыз қол жеткізуден қорғау үшін қажетті шаралар қолдана отырып, электрондық құжат айналымының жүйесіне қатысушылардың өтініші бойынша электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық және жабық кілттерін жасауды; 
3) қолданыстағы және кері қайтарылып алынған тіркеу куәліктерінің есебін жүргізуді; 
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен тіркелінген электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілігін, түпнұсқасын және шынайылығын растауды; 
5) тіркеу куәлігінің иесінің жеке қолы куәландырылған тіркеу куәліктерінің қағаз жүзіндегі көшірмесін сақтауды жүзеге асырады.
7. Олардың әрекеті туралы ақпаратпен құжаттарды қағаз жүзінде және электрондық құжат нысанында электрондық цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәліктерін береді.
8. Куәландырушы орталық өз функцияларын іске асыру мақсатында: 
1) заңсыз қол жетімділіктен куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңба жеке жабық (құпия) кілттерін қорғау жөнінде қажетті шараларды және оның атына кір келтіргенін уәкілетті органға хабарлайды және өзінің жұмысының қауіпсіздігі мен сенімділігіне жету үшін дереу шаралар қабылдайды; 
2) тіркеу куәліктерінің тізілімдегі сақтауда тұрған электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттерінің жоғалуының, модификациялауының қолдан жасалуының және жұмыс істемеуінің алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды; 
3) тіркеу куәліктерінің иелері туралы мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген жағдайларда ғана оларды ашады.
9. Куәландырушы орталық куәландырушы орталыққа қойылатын біліктілік талаптарының бұзылғанына байланысты барлық өзгерістер туралы уәкілетті органға хабарлайды.
10. Егер шарт бойынша көзделмесе, куәландырушы орталық электрондық құжат айналымының жүйесіне қатысушылардың электрондық цифрлық қолтаңбасының жабық кілттерін сақтамайды. Куәландырушы орталық пен электрондық құжат айналымының жүйесіне қатысушылар арасындағы шарттармен жабық кілттердің құпиялылығына шаралардың сақталуымен қатысушылардың жабық кілттерін сақтау қажет болған кезде сақтау шарттарын белгілейді.
11. Куәландырушы орталық пайдаланушылардың өтініші бойынша тіркеу куәлігінің барлығы немесе тіркелгені туралы электрондық хабарламаны, электрондық цифрлық қолтаңбасында олармен алынған уақытын белгілей алады.
      12. Куәландырушы орталыққа куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған тіркеу куәліктерінің көшірмесін беру, тіркеу, сақтау, кері     қайтарып алу  (жою) және тіркеу куәліктерінің тіркелімін жүргізу ережесінде көзделмеген, әлдекімге қызмет көрсетуден себепсіз бас тартуына тиым салынады.
13. Куәландырушы орталық өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін тиісті шарттарды жасасуы мүмкін.
14. Куәландырушы орталық қолданыстағы заңнама және шарттық міндеттемелермен белгіленген көрсетілетін қызметтері үшін қажетті төлем алуы мүмкін.
   3. Куәландырушы орталықтың қызметін  
  тоқтату, жаңарту және тию 
15. Куәландырушы орталықтың қызметі мынадай жағдайларда: 
1) тексеру нәтижесінде белгіленген тәртіппен бекітілген куәландырушы орталықпен біліктілік талаптарына қабылданған қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларының сәйкес еместігі анықталғанда; 
16. Қайтадан тексеру жүргізу үшін куәландырушы орталық белгіленген тәртіппен бекітілген талаптарға қорғау шараларын сәйкестендіргеннен кейін, анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін бұл туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
17. Куәландырушы орталықтың қызметі мынадай жағдайларда: 
1) уәкілетті органмен тексеру барысында кемшіліктер анықталған және белгіленген тәртіппен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігі үшін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралары қабылданған; 
18. Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте куәландырушы орталықтың қызметі тоқталады.
19. Куәландырушы орталық қызметін тоқтатқан жағдайларда куәландырушы орталық өзінің қызметінің тоқталуынан 30 күн бұрын электрондық құжат айналымы жүйесіне қызмет көрсететін барлық қатысушыларға және уәкілетті органға бұл туралы хабардар етуге міндетті.
20. Куәландырушы орталықтың қызметі тоқтатылған кезде, куәландырушы орталықтар арасындағы тиісті келісім бар болса, олармен берілген тіркеу куәліктері мен электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті кілттерін, тіркеу куәліктерінің иелері туралы мәліметтер тіркеу куәлігінің иесінің келісімі бойынша басқа куәландырушы орталыққа беріледі.
21. Осы Ереженің 19-тармағында көрсетілген мерзім өткенде, басқа куәландырушы орталыққа берілмеген тіркеу куәліктері мен электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті кілттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің қолданылуын тоқтатады және сақталуға тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi