Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 13.01.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Темір жол көлігімен тасымалданатын транзиттік тауарларды кедендік ресімдеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 наурыздағы N 258 қаулысы
Заңды және жеке тұлғалар жүк қатынасында темір жол көлігімен Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы транзит режимімен тасымалдайтын тауарларды кедендік ресімдеуді реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы темір жол көлігімен тасымалданатын транзиттік тауарларды кедендік ресімдеудің тәртібі бекітілсін. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 1999 жылғы 18 наурыздағы
 N 258 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы темір жол көлігімен тасымалданатын транзиттік тауарларды кедендік ресімдеудің Тәртібі 
1. Осы Тәртіп заңды және жеке тұлғалар қатынасында темір жол көлігімен Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы транзит режимімен тасымалдайтын және "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - "Қазақстан темір жолы" РМК) тасымалдайтын тауарларды кедендік ресімдеу кезінде қолданылады. 
Полная версия
ИС BestProfi