Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.09.2004
Қазақстан Республикасындағы ведомстволық бақылау туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 25 маусым 1993 ж. N 539
Министрлiктер мен ведомстволар жүргiзген тексерiстер мен тексерулердiң тиiмсiздiгiне, экономикаға нарықтық қатынастардың енгiзiлуiне қарай олардың функциялары мен өкiлеттiгiнiң өзгеруiне және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiнiң құрылуына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қосымшада келтiрiлген министрлiктер мен ведомстволардан өзге министрлiктердiң, ведомстволар мен басқа да мемлекеттiк басқару органдарының бюджеттен бөлiнетiн қаражат есебiнен ұсталатын бақылау-тексеру қызметтерi 1993 жылғы 1 шiлдеден бастап таратылсын. 
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған қызметтердi жылдың аяғына дейiн ұстау үшiн көзделген қаражатты қысқартсын. 
2. Бюджеттен бөлiнетiн қаражат есебiнен ұсталатын, жаңадан құрылатын мемлекеттiк басқару органдары бойынша ведомстволық бақылауды ұйымдастыру орынды болатыны туралы ұсыныс Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiнiң келiсуiмен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзiледi деп белгiленсiн. 
3. Кәсiпорындар, ұйымдар, банкiлер, қауымдастықтар, концерндер, холдингтер, кооперативтер мен қоғамдық ұйымдар және басқа шаруашылық органдар ведомстволық бақылауды құру мәселесiн дербес шешедi. 
4. Тексерiстер мен тексерулердi жүргiзуде қабаттасу мен қосарлануға жол бермеу мақсатында бақылау-тексеру қызметi бар министрлiктерге, ведомстволар мен басқа да басқару органдарына қарамағындағы кәсiпорындар мен ұйымдарды қоса алғанда өздерiнiң тексерiс және тексеру жоспарларын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiнiң тиiстi органдарымен келiсiп алатын болсын. 
5. Осы қаулының 3-тармағында аталған шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қарамағындағы кәсiпорындар мен ұйымдарды қоса алғанда тексерiс және тексеру жоспарларын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiнiң тиiстi органдарымен келiсу ұсынылсын. 
6. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi: 
республика кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметiн бақылауды қамтамасыз етсiн, ведомстволық бақылау жоқ салаға ерекше назар аударсын; 
бақылаудың сақталуы орынды болады деп табылған министрлiктердегi, ведомстволар мен басқа да басқару органдарындағы ведомстволық бақылау қызметiне әдiстемелiк басшылық етудi және дүркiн-дүркiн бақылауды жүзеге асырсын;
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен келiсе 
отырып, Қазақстан Республикасындағы ведомстволық бақылау туралы
Ереженiң жобасын 1993 жылғы 15 шiлдеге дейiн Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң 
                                      1993 жылғы 25 маусымдағы
                                          N 539 қаулысына
                                              Қосымша
     
            Мемлекеттiк бюджеттiң қаржысы есебiнен ұсталатын
          бақылау-тексеру қызметтерi сақталатын министрлiктер
                         мен ведомстволардың
                             Тiзбесi
     
     Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi 
     

     Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi
     

     

     

     Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
     Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
     Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi

      Бұл қосымша толықтырылды - ҚРМК-нiң 1993.09.15. N 882
              қаулысымен.
      Бұл қосымшаға өзгерiстер енгiзiлген - ҚРМК-нiң
              3.01.1995 ж. N 3 қаулысымен.
      
      
Полная версия
ИС BestProfi