Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.03.2014
Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 11 шілдедегі № 394 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 тамызда № 7838 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 6 шілдеден бастап ҚР Ішкі істер министрінің 20.03.2014 жылғы № 165 Бұйрығына сәйкес
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәлiктер беру»; 
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiктер беру»; 
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу»;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiнен шығару» мемлекеттік қызметтерінің регламенттері бекітілсін.
2. Көші-қон полициясы комитеті (П.К.Нокин): 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 
2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын; 
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Қ.С.Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне (П.К.Нокин) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты                             Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2012 жылғы 11 шілдедегі
 № 394 бұйрығына
 1-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәлiктер беру» мемлекеттiк қызметінің регламенті
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәлiктер беру» мемлекеттiк қызметтің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы 9-1-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәлiктер беру» мемлекеттiк қызметінің стандартына сәйкес (бұдан әрі – Стандарт) әзірленді.
2. Осы Регламентінде мынадай түсініктер пайдаланылады:
тұтынушы – мемлекеттік қызметке өтініш білдірген жеке адам;
Полная версия
ИС BestProfi