Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.09.2015
Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережесi мен шарттарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 наурыздағы N 207 Қаулысы
Тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.10.2004 № 1131 Қаулысымен (12.03.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 21.08.2015 жылғы № 657 Қаулысына сәйкес
«Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 30.03.2015 жылғы № 245 Бұйрығын қараңыз
Редакция 09.06.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының электр энергиясын беруде үзiлiстерге жол беруге өмiрлiк маңызды объектiлерiн үздiксiз электрмен жабдықтау, бұл объектiлердiң авариялық бронь бойынша тұтынған электр энергиясы үшiн уақытылы кепiлдiктi ақы төлеуiн қамтамасыз ету, электр энергетикасы объектiлерiнiң жұмысында төлем жасау себебi бойынша кiдiрiске жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:  
1. Қоса беріліп отырған Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережесi мен шарттары бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.10.2004 № 1131 қаулысымен. (12.03.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiмен келiсiм бойынша бiр айлық мерзiм iшiнде республикалық маңызы бар үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерiнiң тiзбесiн жасасын және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынсын, сондай-ақ оларға арналған авариялық бронның шамасын белгiлесiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.10.2004 № 1131 қаулысымен. (12.03.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
3-5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.10.2004 № 1131 қаулысымен. (12.03.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 29 қазандағы
 N 1131 қаулысымен
 бекiтiлген
Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережесi мен шарттары
Ереже жаңа редакцияда берілді ҚР Үкіметінің 29.10.2004 № 1131, тақырып өзгертілді - 13.07.2006 № 669 қаулысымен (12.03.1998 жылғы редакцияны қараңыз).(pecми жарияланған күнiнен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Осы Ережелер, электрмен ажыратып тастау адамдардың өмiрi үшiн қауiп тудыратын немесе апаттық немесе экономикалық зардаптарға әкеп соғатын Қазақстан Республикасының шаруашылық инфрақұрылым ұйымдары электр энергиясымен қамтамасыз етудiң тәртiбiн айқындайды және оны бергенi үшiн төлем жасаудың тәртiбiн белгілейдi.
1. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар
Үздіксіз электрмен жабдықтау объектілері (бұдан әрі - ҮЭО) - оларды ажыратып тастау адамдардың өліміне, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жұмысының бұзылуына, апаттық экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарға апарып соғуы мүмкін, технологиялық себептеріне байланысты үздіксіз электрмен жабдықтауды қажет ететін мемлекеттік және жеке меншік нысандағы шаруашылық инфрақұрылым объектілері. 
Авариялық бронь - оны беру үздiксiз электрмен жабдықтау объектiсiнiң ол үшiн маңызы бар құрылғыларының жұмыс iстеуiн сақтайтын және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерi жұмысының бұзылуын, сондай-ақ апаттық экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарды немесе адамдардың өлiмiн болдырмайтын ең аз қажеттілiктегi электр қуаты.
Электр энергетикасы объектiлері жұмысының айрықша режимi - электр энергетикасы объектiлерiнде iрi технологиялық бұзылулар кезiнде енгiзiлетiн мәжбүрлі режим.
1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.06.2011 № 649 Қаулысымен (13.07.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Авариялық броньмен қамтамасыз етілетiн объектiлер
1. Олар үшiн авариялық бронның шамасы белгiленетiн үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерiнiң тiзбесiне мыналар кiреді: 
мемлекеттің қауiпсiздігін қамтамасыз ететiн объектiлер; 
сумен жабдықтау, кәрiз және жылумен жабдықтау кәсiпорындары; 
олардың ұсталуы бюджетте көзделген өртке қарсы қауiпсiздiктi қамтамасыз ететін объектілер;
титан және магний электролизі тәсілімен үздіксіз өндіретін металлургиялық кәсіпорындардың объектілері;
әуе қозғалысына қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн аэронавигациялық ұйым объектiлерi.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.07.2006 № 669, 09 (29.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз)(pecми жарияланған күнiнен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).06.2011 № 649 Қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. YЭО объектiлерiнiң тiзбесiне енгізiлген әрбiр объект үшiн энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергияны беруші ұйымдар YЭО өкiлімен бiрлесе отырып, энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық бронi актiсiн жасау тәртiбi туралы нұсқаулыққа сәйкес авариялық броннiң актiсiн жасайды, онда авариялық броннiң шамасы мен объектiнi қоректендiру схемасы көрсетiледi. 
Авариялық бронның актiсi уәкiлеттi органға (жергiлiктi атқарушы орган) жiберiледi. Авариялық бронның актісi энергиямен жабдықтау шартына және/немесе электр энергиясын беру шартына мiндетті қосымша болып табылады. 
3. Уәкiлеттi орган (жергiлiктi атқарушы орган) авариялық бронь актiлерiн алған соң тиiсiнше әрбiр өңiр үшiн авариялық бронды жабуға арналған қажеттi қуаттың жиынтық шамасын белгiлейдi. 
4. Әрбiр YЭО үшін авариялық бронның шамалары көрсетiлiп YЭО тiзбелерi жүйе операторына берiледi.
3. YЭО объектiлерiне арналған электр энергиясын берудiң тәртiбi
5. Әрбiр YЭО қалыпты жұмыс iстеуi үшін қажеттi көлемдегi электр энергиясын жеткiзудi электрмен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйым, белгіленген тәртiппен жасасылған, екiжақты шарттың негiзiнде жүзеге асырады. 
мемлекеттік мекеме болып табылатын YЭO облыстық қаржы басқармасының осы мекеменiң электр энергиясын тұтыну жөнiндегi шығыстарына бюджетте көзделген қаражаты туралы жазбаша растау бередi; 
мемлекеттік кәсiпорын немесе өзгеше ұйым болып табылатын ҮЭО энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен ресiмделген банкiлiк кепiлдемені бередi. 
Облыстық қаржы басқармасының жазбаша растауы және банкiлiк кепілдеме энергиямен жабдықтауға және электр энергиясы: беруге арналған шарттардың ажырамас бөлiгі болып табылады. 
6. ҮЭО электрмен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымның берген электр энергиясы үшін шоттарына төлем жасамаған кезде электрмен жабдықтаушы және/немесе энергия беруші ұйым ҮЭО-ге электр энергиясын жеткiзудi авариялық бронь деңгейiне дейiн шектеуге құқылы, бұл туралы өзiнiң құрамында ҮЭО бар ұйымға кемiнде 14 тәулiк бұрын ескертедi. 
7. Төтенше жағдайлар туындаған кезде (жер сiлкiнiсi, су тасқыны, басқа да табиғи зiлзалалар) YЭО-ге электр энергиясын жеткiзуге арналған шарттық мiндеттемелердi атқаруды электрмен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйым Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша тоқтата тұруы мүмкiн. Бұл жағдайларда электр энергиясын бөлу барлық электрмен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымдар үшiн мiндеттi болып табылатын оның нұсқауы бойынша жүзеге асырылатын болады. 
8. YЭО-ге электр энергетикасы объектiлерi жұмысының айрықша режимi кезiнде электр энергиясын жеткiзу өңiрдiң авариялық бронын өтеу үшiн қажеттi электр энергиясы мөлшерiн YЭО үшiн жеткiзудi қамтамасыз ететiн энергия беруші ұйымдар әзiрлеген схемалар бойынша жүзеге асырылуы тиiс.
4. ҮЭО үшін электр энергиясын беру бойынша есеп айырысулардың тәртібі
9. Ажыратылмайтын объектiлердiң бекiтiлген тiзбесiне кiретiн YЭО үшiн шарттар бойынша берiлетін электр энергиясы үшiн энергиямен жабдықтаушы ұйыммен есеп айырысулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жасасылған екi жақты шарт негiзiнде жүргізiледi. 
10. YЭО-нiң электр энергетикасы объектiлерi жұмысының айрықша режимi кезеңiндегі авариялық бронды өтеуге тұтынылатын және/немесе берiлетiн электр энергиясы үшiн есеп айырысуларды электр энергиясын iс жүзiнде беруші жеткiзуші жүргiзедi. 
11. YЭО авариялық бронь деңгейiне дейiн шектеу жағдайы туындаған кезде, авариялық бронь бойынша тұтынылған және/немесе берiлген электр энергиясы үшiн есеп айырысулар: 
мемлекеттiк мекемелер үшiн электр энергиясын тұтынуға арналған шығыстарда көзделген бюджеттiк қаражаттың есебiнен; 
мемлекеттік кәсіпорындар мен өзге де ұйымдар үшiн - жасасылған шарттардың және банкiлiк кепілдеменiң шеңберiнде жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi