Близость слов: Окончание:





Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде үкіметтік және президенттік байланысты, шұғыл қызметтердің желілері мен байланыс құралдарын қоспағанда, уәкілетті органмен өзара іс-қимылда байланыс желілері мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметін тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 347 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.10.2018 жылғы № 679 Қаулысына сәйкес (27.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 23.10.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса берiлiп отырған Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде үкіметтік және президенттік байланысты, шұғыл қызметтердің желілері мен байланыс құралдарын қоспағанда, уәкілетті органмен өзара іс-қимылда байланыс желілері мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметтерін тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.10.2018 жылғы № 679 Қаулысына сәйкес (27.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2005 жылғы 13 сәуірдегi
 N 347 қаулысымен
 бекiтiлген
Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде үкіметтік және президенттік байланысты, шұғыл қызметтердің желілері мен байланыс құралдарын қоспағанда, уәкілетті органмен өзара іс-қимылда байланыс желілері мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметін тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдардың тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.10.2016 жылғы № 628 Қаулысымен (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.10.2018 жылғы № 679 Қаулысына сәйкес (27.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi.
4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi.
5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі.
Тізбе 5-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 23.10.2020 жылғы № 701 Қаулысына сәйкес
Полная версия
ИС BestProfi