Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 08.06.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 759 Қаулысы
"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 2 шілдедегі
 № 759 қаулысымен
 бекітілген
Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасы 1. Жалпы ережелер
1. Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді, жолаушыларға темір жол вокзалдарында қауіпсіз және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасында темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағида Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан барлық темір жол вокзалдарына қолданылады.
2. Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру
3. Темір жол вокзалдары тасымалдау процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және қызметін тәулік бойы жүзеге асырады.
4. Темір жол вокзалының технологиялық мақсаты жолаушылардың темір жол станцияларына келуі және жөнелтілуі кезінде оларға қауіпсіз, сапалы қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету және халыққа қызметтер көрсету болып табылады.
5. Темір жол вокзалдарында билет кассалары, күтуге арналған үй-жайлар, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар (дәретхана бөлмелері) және ақпараттық қызмет көрсету объектілері (табло, стендтер, дауыс зорайтқыш байланысы, анықтамалықтар), медициналық пункт, қоғамдық тәртіпті қорғау пункті болуы тиіс.
6. Жолаушылар платформалары мен перрондарға өту және шығу мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын топтарына қолжетімді болуға (пандустармен, мамандандырылған лифтілермен жабдықталуға) тиіс.
7. Темір жол вокзалдарында жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды қамтамасыз ету үшін үй-жайлар ұсынуды барлық тасымалдаушылар тең негізде жүзеге асырады.
8. Темір жол вокзалдарында медициналық пункттердің болуын:
1) жеке немесе заңды тұлғалар медициналық қызметтер көрсетуге мүдделі болған кезде олармен медициналық қызметтер ұсыну жөнінде шарттар жасасу арқылы;
2) вокзал иелері дербес қамтамасыз етеді.
Полная версия
ИС BestProfi