1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 18.11.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1271 Қаулысы
"Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының Орман кодексiне" сәйкес ормандардағы өрт қауiпсiздiгi мен өрт сөндiрудiң нәтижелiлiгiн арттыру, олардың алдын алу жөнiнде қажеттi iс-шаралар жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiне 1999 жылы Қазақстан Республикасының ормандар картасын жаңартуды тапсырсын;
2) өртке қарсы қызмет органдарымен бiрлесiп, ормандарда Өрт қауiпсiздiгінiң ережелерi сақталуы үшiн сақтандыру шаралары мен бақылауды күшейтуге, ормандарды жерде, авиациялық қорғау мен сақтаудың дайындығын қамтамасыз етуге, орман алқаптарының өртке тұрақтылығын арттыруға ерекше көңiл бөле отырып, орман шаруашылықтарын өрттiң қауiптi маусымдарына дайындау жөнiндегi қажеттi кешендi ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын;
3) мемлекеттiк өртке қарсы қызметпен бiрлесiп, орман өрттерiн сөндiруге қатысатын ұшақтарды, тiк ұшақтарды, өрт, апаттан құтқару техникасы мен жабдықтарын пайдалану жөнiндегi келген шығынды қаржыландырудың және шығындарды өтеудiң шарттарын айқындай отырып, ормандағы өрттердi оларды жою мақсатында ормандарды авиациялық қорғау және сақтау қызметі авиациясының ұшақтарымен және тiк ұшақтарымен тұрақты қызмет жүргізілуін ұйымдастырсын.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2005. № 662 қаулысымен. (27.08.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi:
1) темiр және тас жолдардың бойындағы бөлiнген алқаптар аймағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын;
Полная версия