Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2018
Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 38 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 31 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 17.07.2018 жылғы № 437 Қаулысына сәйкес
Редакция 28.09.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 28) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 28 қаңтардағы
 № 38 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру қағидасы
1. Осы Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттің  пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттің басым құқығы тәртібімен пайдалы қазбаларды сатып алуды құзыретті орган жүзеге асырады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.09.2015 жылғы № 794 Қаулысына сәйкес (28.01.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.10.2015 жылы № 194 (28672) "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді сатып алу жөніндегі құзыретті орган болып табылады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі кең таралған пайдалы қазбаларды, көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді қоспағанда, пайдалы қазбаларды сатып алу жөніндегі құзыретті орган болып табылады.
3. Осы Қағидада қолданылатын ұғымдар Заңда анықталған мағынаға ие болады.
2. Мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру тәртібі
4. Стратегиялық минералдық шикізаттың белгілі бір түріне ішкі нарықтың қажеттіліктерін жабу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретті орган жүзеге асыратын мониторинг нәтижелері бойынша, сондай-ақ төтенше сипаттағы өзге жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі басым құқық тәртібімен пайдалы қазбаларды сатып алу туралы шешім қабылдауы мүмкін.
5. Мемлекеттің басым құқығы тәртібімен сатып алу туралы шешімнің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен пайдалы қазба түріне байланысты тиісті құзыретті орган әзірлейді және ол бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен міндетті түрде келісілуге жатады.
6. Пайдалы қазбаларды мемлекеттің басым құқығы тәртібімен сатып алу туралы шешім негізінде құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыны мұндай ниеті туралы сатып алудың болжанатын күнінен кемінде он бес жұмыс күні бұрын жазбаша хабардар етеді. Жер қойнауын пайдаланушының жазбаша хабарламасы мыналарды: пайдалы қазбаның түрін, оның мөлшерін, шамамен сатып алу мерзімін қамтуы тиіс.
7. Сатып алынатын пайдалы қазбалардың шекті көлемі және төлем түрі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленеді. Бұрын жасалған келісімшарттар бойынша шекті көлемі көзделмеген сатып алынатын пайдалы қазбалардың мұндай көлемін, сондай-ақ сатып алудың өзге де шарттарын жер қойнауын пайдаланушымен келісім бойынша құзыретті орган белгілейді.
8. Хабарламаны алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган келіссөздер арқылы сатып алынатын пайдалы қазбалардың бағасын, жеткізу шарттарын және оларды төлеу тәртібін келіседі.
9. Сатып алынатын пайдалы қазбалардың бағасы көліктік шығыстарды және өткізуге арналған шығындарды шегере отырып, мәмілені жасау күніне қалыптасқан, жер қойнауын пайдаланушы тиісті пайдалы қазбаларға мәміле жасасу кезінде қолданатын бағадан аспауы тиіс.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.09.2015 жылғы № 794 Қаулысына сәйкес (28.01.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.10.2015 жылы № 194 (28672) "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
Жер қойнауын пайдаланушы мәмiлелер жасасу кезiнде қолданатын пайдалы қазбалардың бағалары туралы ақпарат болмаған жағдайда, мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алуы жөнiнде мәмiлелер жасасу күнiне әлемдiк нарықтарда қалыптасқан бағалардан аспайтын бағалар көлік шығыстары мен өткізуге арналған шығындар шегеріле отырып қолданылады.
10. Пайдалы қазбаларды сатып алу шарттарын келіскеннен кейін құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушымен пайдалы қазбаларды сатып алу туралы шарт жасасады.
11. Сатып алынған пайдалы қазбалар үшін төлем мерзімі пайдалы қазбаларды жеткізу күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс.
12. Пайдалы қазбаларды сатып алу туралы шарт мыналарды:
1) жер қойнауын пайдаланушы жеке тұлғаның аты-жөні немесе заңды тұлғаның атауы;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың деректемелері;
3) сатып алынатын пайдалы қазбалардың мөлшері;
4) пайдалы қазбаларды жеткізу орны мен мерзімі;
7) пайдалы қазбаны алушыны қамтуы тиіс. 
Полная версия
ИС BestProfi