"Геодезия және картография туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 10.08.2015
Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1273 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 542 Қаулысына сәйкес «Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.12.2014 жылғы № 163 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1273 қаулысымен бекітілген
Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың Тізбесі
1. Жердің пішінін, мөлшері мен сыртқы гравитациялық өрісін анықтау.
2. Жерді дистанциялық зондтау және геодинамикалық зерттеу.
3. Тығыздығы мен дәлдігі мемлекеттік топографиялық карталар мен жоспарлар жасауды қамтамасыз ететін барлық кластағы мемлекеттік астрономиялық-геодезиялық, жерсеріктік геодезиялық және нивелирлік желілерді, іргелі және бірінші класты гравиметриялық желіні жасау, дамыту, зерттеу, қалпына келтіру.
4. Дәлдігі мен мазмұны жалпы мемлекеттік, қорғаныс, ғылыми-зерттеу міндеттері мен өзге де міндеттердің шешімін қамтамасыз ететін мемлекеттік топографиялық карталар мен жоспарларды, оның ішінде қалалардың және елді мекендердің жоспарларын графикалық, цифрлық, фотографиялық электрондық және өзге де нысандарда жасау, жаңарту және басып шығару.
5. Геодезиялық жерсеріктік технологияны енгізу және пайдалану.
6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялауды, демаркациялауды және оның өту сызығын тексеруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының теңіз кеңістігін делимитациялауды геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гидрографиялық қамтамасыз ету.
7. Теңіздер, көлдер, өзендер, су қоймалары қайраңдарын картографиялау және топографиялық, навигациялық теңіз карталарын, көмекші құралдарды, теңіз, кеме жүзетін өзендер мен су айдындары лоцияларын жасау.
8. Мемлекеттің, оның қорғанысы мен қауіпсіздігінің, сондай-ақ теңіздерде, кеме жүзетін өзендер мен су айдындарында жалпы теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделері үшін геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гидрографиялық жұмыстар жүргізу.
9. Шет мемлекеттер мен Дүниежүзілік мұхит аумағын қоса алғанда топографиялық және арнаулы карталар мен жоспарлар жасау және жаңарту үшін аэроғарыштық түсіру жұмыстары.
10. Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорды қалыптастыру және жүргізу.
11. Географиялық ақпараттық жүйелерді жасау және жүргізу.
12. Жалпы географиялық, саяси-әкімшілік, ғылыми-анықтамалық және басқа да тақырыптық карталар, салааралық мақсаттағы жоспарлар мен атластар, картографиялық оқу құралдарын құрастыру және басып шығару.
13. Географиялық атауларды стандарттау, есепке алу және олардың қолданылуын ретке келтіру, Географиялық атаулардың мемлекеттік каталогын жасау және жүргізу.
14. Ғылыми-зерттеу, тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар жүргізу және осы заманғы технологияны енгізу.
15. Геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеу.
16. Геодезиялық және картографиялық техника өндірісін ұйымдастыру.
17. Геодезиялық, картографиялық, топографиялық жұмыстарды метрологиялық қамтамасыз ету.
Полная версия