Близость слов: Окончание:





Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы 
КЕЛІСІМ
ҚР 30.06.2010 жылғы 314-IV Заңымен ратификацияланды 
Осы Келісім қолданысын тоқтатады Еуразиялық экономикалық Одақтың Кедендік кодексінің 444-бабына және 448-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының тиісті шешімі күшіне енген күннен бастап
Редакция 10.10.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шарттың және 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарттың ережелеріне негізге ала отырып,        халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,        төмендегілер туралы келісті:
1-бап Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібі
1. Осы Келісімде жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын кеден одағының кедендік шекарасы (бұдан әрі - кедендік шекара) арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі айқындалады.
Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік шекарадан өткізу тәртібі:
тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлерін;
кедендік төлемдер төлеуден босатыла отырып, жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізудің құндық, сандық және салмақтық нормаларын;
жеке пайдалануға арналған тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік төлемдер төлеуден босату жағдайларын;
жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды қолдану тәртібін айқындайды.
2. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік шекара арқылы өткізуіне байланысты туындайтын, осы Келісімде реттелмеген құқықтық қатынастар кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалады.
жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын (ақшаны) және (немесе) ақша құралдарын кедендік шекара арқылы өткізу тәртібі;
Ресей Федерациясы Калининград облысының аумағынан әкетілетін және кеден одағының кедендік аумағының қалған бөлігіне, оның ішінде кеден одағының мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы әкелінетін, сондай-ақ кеден одағының кедендік аумағының қалған бөлігінен әкетілетін және Ресей Федерациясы Калининград облысының аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу ерекшеліктері айқындалады.
2-бап Осы Келісімде пайдаланылатын терминдер
1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылады:
Осы тармақшаның үшінші абзацында көрсетілгендерді қоспағанда, кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) 8703 тауар позициясында жіктелетін, негізінен адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (бұдан әрі - автомобильдер);
Полная версия
ИС BestProfi