Аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 15 қарашадағы N 448-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 15 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3277
Тақырыбында және бұдан әрі мәтін бойынша "табиғи монополия" сөздер "табиғи монополиялар" сөздермен ауыстырылды ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 86-НҚ бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
Осы Бұйрық күшін жойды 20.04.2014 жылдан бастап ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 31.07.2013 жылғы № 240-НҚ Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы N 1126 қаулысымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік саясатын жетілдірудің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 49-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармақтың 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
кіріспе өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 42-НҚ Бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2) реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша және тұтастай алғанда реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша есепті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей ұсынсын.
: 2-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 86-НҚ, 13 (13.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз).02.2009 № 42-НҚ, 24.09.2010 № 279-НҚ бұйрықтарымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Е.М.Досмағамбет):
1) ұсынылып отырған табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес реттелетін аэронавигация қызметтерінің түрлері табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін белгіленген тәртіппен келісуді қамтамасыз етсін;
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (Токарева М.А.) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының және "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының назарына жеткізсін.