Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы N 514 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Редакция 09.02.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған "Мұнай базаларының және автожанармай құю станцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 29 мамырдағы
 N 514 қаулысымен
 бекітілген
"Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолданылу саласы
1. Осы "Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) мұнай базаларының және стационарлық, контейнерлік, жылжымалы автожанармай құю станцияларының (бұдан әрі - автожанармай құю станциялары) қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді.
1) мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларына оларды жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстары, пайдалану және жою кезінде қойылатын қауіпсіздіктің ең төменгі талаптарын;
2) мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларын сыртқы табиғи әсерлердің тәуекел дәрежесін, өндірістік және пайдалану факторларын, қоршаған орта ластануының ықтимал салдарын ескере отырып, регламент талаптарына сәйкестігін бағалауды және растауды белгілейді.
3. Регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
автожанармай құю станциясы - мұнай өнімдерін сақтауды және бөлшектеп сатуды қамтамасыз ететін жабдықтармен жарақтандырылған технологиялық кешен;
жерасты резервуары (жерасты сақтау) - егер резервуардағы сұйықтықтың ең жоғарғы деңгейі шектесетін алаңның төменгі жоспарлы белгісінен кемінде 0,2 м-ден төмен болса (резервуар қабырғасынан 3 м шегінде), мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуар;
мұнай базасы - мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға және көтерме сатуға арналған ғимараттар мен құрылыстар кешені, технологиялық жабдықтары, резервуарлық паркі, техникалық құрылғылары мен коммуникациялары бар ұйым;
мұнай базасының немесе автожанармай құю станциясының паспорты - оның негізгі сипаттамалары және жауапты пайдаланушы, жүргізілген қайта жаңартулар мен жөндеулер туралы ақпаратты, жүргізілген тексерулер мен оның нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын құжат;
мұнай базасының, автожанармай құю станциясының қауіпсіздігі - адам өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіруіне байланысты жол берілмейтін тәуекелдің болмауы;
Полная версия
ИС BestProfi