Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.02.2008
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен шетелдiк iссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтiру жөнiндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы N 148 қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 06.02.2008. № 108 Қаулысымен (08.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 08.08.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердің қаражаты есебiнен шетелдiк iссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы, сондай-ақ олармен бiрге жүретiн адамдар (Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi Төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының), Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметінің қызметкерлерi (түзетiлетiн тұлғамен бiрге жүргенде) шетелге жол жүрген кезде шетелдiк валютадағы көлiктiк шығыстары 1-сынып бойынша авиабилеттiң құны мөлшерiнде өтеледi;  
2) Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілiсi Төрағасының орынбасары, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқарушысы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi, Yкiмет мүшелерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кiру жөнiндегi келiссөздердегi Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiлерi, Қазақстан Республикасының шетелдегi төтенше және өкiлеттi елшілерi қызмет бабындағы iстер бойынша шетелге жол жүрген кезде көлiктiк шығыстар шетелдiк валютада "Бизнес" сыныпты авиабилеттiң құны мөлшерiнде өтеледi;  
2-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасы делегацияларының арнайы рейстерімен шетелге шыққан кезде авиатасымалдаушыға арнайы рейстердің шығыстары өтеледі; 
3) мемлекеттік органдардың басқа лауазымды тұлғалары қызмет бабындағы iстер бойынша шетелге жол жүрген кезде көлiктiк шығыстар шетелдiк валютада "Экономикалық" сыныпты авиабилеттiң құны мөлшерiнде өтеледi. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 456, 23.01.2004. № 72, 03.11.2004. № 1140, 07.07.2005. № 705, 12.12.2005. № 1234, 08.08.2006. № 745 қаулыларымен. (19.05.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
1) шетелде қысқа мерзiмдi iссапарларда жүрген қызметкерлердiң тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi шығыстарын өтеудiң нормалары (тәулігіне бiр адамға): 
Қазақстан Республикасы          нақты шығындар бойынша 
Премьер-Министрінің орынбасарлары,    (бiрақ бес жұлдызды қонақ 
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң  үйiнiң бiр адамдық нөмiрiнiң 
Сенаты Төрағасының орынбасары,        құнынан артық емес);  
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң   
Полная версия
ИС BestProfi