Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 31.12.2013
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы N 1162 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 02.03.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1598 Қаулысына сәйкес
1. "Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 38, 533-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақтағы "тоқсан сайын" және "тоқсаннан" деген сөздер "ай сайын" және "айдан" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші" деген бағандағы "2710 19 310 0" деген сандар "2710 19 410 0" деген сандармен ауыстырылсын;
"Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)" деген баған жаңа редакцияда жазылсын:
"Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)" "139,79", "57,31*****", "143,24", "95,49", "95,49";
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"2710 19 310 0 - 2710 19 350 0 Ауыр дистилляттар: газойлдар 95,49";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкаларын есептеу ережесінде:
3-тармақтағы "мониторингінің" деген сөздің алдынан "ай сайынғы" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Есепті айдың қорытындылары бойынша (есепті тоқсанның соңына келетін айды қоспағанда) шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы бір баррель үшін өткен аймен салыстырғанда 15 АҚШ долларынан астамға өзгерген жағдайда, кеден баждарының бекітілген ставкалары осы өзгерістер болған есепті айдың баға мониторингін ескере отырып түзетіледі.";
4-тармақтағы "Бағалар мониторингінің нәтижелері бойынша" деген сөздер "Есепті тоқсанның қорытындылары бойынша шикі мұнайға" деген сөздермен ауыстырылсын, "Қазақстан Республикасы" деген сөздердің алдынан ", сондай-ақ көрсетілген Ережеге 3-1-тармақпен көзделген" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген Ережеге 2-қосымшада кіріспедегі "тоқсан" деген сөз "ай" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 3-қосымшада:
"СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші" деген бағандағы "2710 19 310 0" деген сандар "2710 19 410 0" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"2710 19 310 0-2710 19 350 0 0,8 0,5 х (0,35 + 0,4)/2 х 0,8 = 0,15".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия