Близость слов: Окончание:





Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтын құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1993 жылғы 16 маусым N 1235       Қазақстан Республикасының егемен мемлекет ретiнде iшкi және сыртқы саясатының стратегиялық қырларын болжамдау-талдау тұрғысынан қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн: 
1. Қазақстанның Менеджмент, экономика және болжамдау институтының Стратегиялық зерттеулер орталығы негiзiнде Қазақстан Республикасының Президентi жанынан Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты құрылсын. 
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi: 
- жаңадан құрылған институттың жұмыс iстеуi үшiн Қазақстанның Менеджмент, экономика және болжамдау институтының үй-жайларының және материалдық-техникалық базасының бiр бөлiгiн оның балансына беру жөнiндегi мәселелердi бiр ай мерзiмде шешетiн болсын; 
- институтты 1993 жылы қаржыландыру мәселелерiн қарап, шешетiн болсын; 
- Институт туралы ереженi әзiрлеп, бекiтуге ұсынсын; 
- осы Жарлықты орындау жөнiнде қажеттi ұйымдастыру шараларын iске асырсын.
Полная версия
ИС BestProfi