Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
«Стационарлық компрессорлық тоңазытқыш қондырғыларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 2160 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Стационарлық компрессорлық тоңазытқыш қондырғыларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 21 желтоқсандағы
 № 2160 қаулысымен
 бекітілген
«Стационарлық компрессорлық тоңазытқыш қондырғыларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Осы «Стационарлық компрессорлық тоңазытқыш қондырғыларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) стационарлық компрессорлық тоңазытқыш қондырғыларының (бұдан әрі - тоңазытқыш қондырғылар) қауіпсіздігіне және олардың тіршілік айналымының үдерісіне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Тоңазытқыш қондырғыларын сәйкестендіру осы Техникалық регламентке қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) кодтарын пайдалану жолымен, таңбалау және ілеспе құжаттары бойынша, жиынтығында тану үшін жеткілікті болатын белгілері, параметрлері, көрсеткіштері және талаптары бойынша жүргізіледі.
3. Тоңазытқыш қондырғыларының тіршілік циклі үдерісінде сақтану қажет негізгі қауіпті факторлар (қатерлер) мыналар болып табылады:
3) электр тізбегіндегі кернеудің қауіпті деңгейі мен оның қызметкерге әсер ету мүмкіндігі;
4) салқындатқыш агенттің жалпы уытты және тітіркендіргіш әсері;
5) өрт қауіпті және жарылыс қауіпті элементтер.
4. Осы Техникалық регламенттің талаптары ауа желдетуге арналған компрессорлық қондырғыларға қолданылмайды.
5. Осы Техникалық регламентте техникалық реттеу және өнеркәсіптік қызмет саласындағы заңнамада белгіленген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:
Полная версия
ИС BestProfi