Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорын құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 22 желтоқсан N 528
Жарлықтың тақырыбы мен бүкіл мәтіні бойынша «ҚР Тұңғыш Президентінің», «ҚР Тұңғыш Президенті» сөздер тиісінше «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының», «ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы» сөздермен ауыстырылды ҚР Президентінің 11.10.2011 № 163 Жарлығымен (07.03.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Жарлықтың тақырыбы мен бүкіл мәтіні бойынша орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Президентінің 05.05.2017 жылғы № 471 Жарлығына сәйкес
Редакция 05.05.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабын орындау үшін қаулы етемін: 
1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры (бұдан әрі - Қор) құрылсын. 
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алып тасталды ҚР Президентінің 11.10.2011 № 163 Жарлығымен. (07.03.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
1) Қор әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін коммерциялық емес ұйым болып табылады; 
2) Қордың ақша қаражатын қалыптастыру көздері заңдарға қайшы келмейтін жарналар мен түсімдер болып табылады деп белгіленсін. 
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 
1) Қордың 2001 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын. 
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2000 жылғы 22 желтоқсандағы
 N 528 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Тұңғыш
 Президенті - Елбасы Қорының 
 ЖАРҒЫСЫ  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Жарғы алынып тасталды ҚР Президентінің 11.10.2011 № 163 Жарлығымен. (07.03.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi