2. Мемлекеттік органдарға:
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 22 тамыздағы N 232-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 22 тамыздағы
N 232-ө өкімімен бекітілген
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с N | Атауы | Акт нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Аяқтау нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсаты үшін мемлекеттік органдардың ақпарат алмасу жөніндегі өзара іс-қимыл ережесін бекіту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині, АБА, ЖРА, ККМ, ИСМ, ЭБЖМ | 2007 жылғы тамыз |
2 | Жүйелі тіркеуді жүргізу ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині, ЖРА, ИСМ, Қаржымині, ЭБЖМ | 2007 жылғы тамыз |
3 | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі- нің кейбір мәселелері туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині, ЭБЖМ, Қаржымині | 2007 жылғы тамыз |
4 | Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану ережесін бекіту туралы | Бұйрық | Әділетмині, АБА, ЖРА, ИСМ, ККМ | 2007 жылғы тамыз |
5 | Мемлекеттік тіркеуге келіп түскен құжат- тарды есепке алу кітабын жүргізу ережесін бекіту туралы | Бұйрық | Әділетмині | 2007 жылғы тамыз |
6 | Құқықтық кадастрдың тіркеу парағына жазбаларды енгізу және күшін жою ережесін бекіту туралы | Бұйрық | Әділетмині | 2007 жылғы тамыз |
7 | Құқықтық кадастрдан ақпараттарды беруге сұрау салуларды есепке алу кітабын жүргізу ережесін бекіту туралы | Бұйрық | Әділетмині, ККМ | 2007 жылғы тамыз |
8 | Құқықтық кадастрдан ақпараттар беру ережесін бекіту туралы | Бұйрық | Әділетмині, ККМ | 2007 жылғы тамыз |
9 | Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу ережесін және Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объекті- леріне кадастрлық нөмір беру ережесін бекіту туралы | Бұйрық | Әділетмині | 2007 жылғы тамыз |
10 | Техникалық паспорт нысанын бекіту туралы | Бұйрық | Әділетмині | 2007 жылғы тамыз |
11 | Жылжымайтын мүлікке және өзге де объектілерге құқықтарды тіркеу туралы өтініштің, тіркеу құжатта- рына тиісті жазбалар енгізу туралы хабарла- маның нысан- дарын бекіту туралы | Бұйрық | Әділетмині | 2007 жылғы тамыз |
12 | Тіркеу істерін сақтау ережесін бекіту туралы | Бұйрық | Әділетмині | 2007 жылғы тамыз |
13 | Тіркеу құжат- тарында жол берілген қателерді түзету мақсатында жазбалар енгізу ережесін бекіту туралы | Бұйрық | Әділетмині | 2007 жылғы тамыз |
14 | Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасын (куәландырылған көшірмесін) жою ережесін бекіту туралы | Бұйрық | Әділетмині | 2007 жылғы тамыз |
15 | Кондоминиум объектісін тіркеу ережесін бекіту туралы | Бұйрық | Әділетмині, АШМ | 2007 жылғы тамыз |
16 | Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабардар ету ережесін бекіту туралы | Бұйрық | Әділетмині | 2007 жылғы тамыз |
17 | Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың несие беру бюросына ақпарат беру ережесін бекіту туралы | Қаулы | ҚҚА | 2007 жылғы тамыз |
Ескертпе : аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
Полная версия