1. Қоса беріліп отырған «Биоэтанол қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 31.03.2021
"Биоэтанол қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 179 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.03.2021 жылғы № 189 Қаулысына сәйкес
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 179 қаулысымен бекітілген
«Биоэтанол қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық регламент Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына (КО СЭҚ БТН) сәйкес «80 (көл.) % немесе одан көп болатын денатуратталмаған этил спирті; денатуратталмаған кез келген концентрациядағы этил спирті және өзге де спирттер» 22-тобының 2207-кіші тобына кіретін өндірілетін (әзірленетін) және әкелінетін (импортталатын) биоэтанол қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Биоэтанол өндірісі және айналымы кезінде:
1) химиялық препараттарды және реактивтерді абайсыз қолдану;
2) биоэтанолды өндіру, қолдану, тасымалдау, буып-түю және сақтау кезінде отты абайсыз қолдану;
3) орамның герметикалық еместігі және төгілуі;
4) қоршаған ортаның, жабдықтардың үстіңгі бетінің жоғары немесе төмен температурасы;
5) жылудың артық мөлшері бөлінетін, қауіпті пайдалану процестері;
6) отынды басқа сұйықтықтармен араластыру;
7) биоэтанолдың ауыз суға түсуі;
8) көзге, ішек-қарын жолына, шырышты қабыршаққа және адам терісіне түсуі қауіпті факторлар болып табылады.
3. Биоэтанолды сәйкестендіру жиынтығында сәйкестендіруге жеткілікті болатын таңбалау және ілеспе құжаттар, параметрлер, көрсеткіштер мен талаптар бойынша жүргізіледі.
Полная версия