Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.06.1999
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың жекелеген мәселелерін реттеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 16 қазан N 1056.
Республикалық бюджеттен алынған қаражаттың қайтарылуы жөнінде шаралар қабылдау және Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде алынған мүліктің пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының кепілдігіне берілген мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде алынған, саудаластықта одан әрі сатуға немесе шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қайтарымсыз негізде беруге жататын мүліктің тізбесін айқындау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы бекітілсін. 
2. "Қазақстан Эксимбанкі" және "ТұранӘлемБанкі" жабық акционерлік қоғамдарына жоғарыда аталған банктердің пайдасына ақша қаражаты мен мүлікті өндіріп алу туралы сот шешімі болған жағдайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдар шеңберінде алынған мүлікті беру ұсынылсын. 
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдар шеңберінде алынған мүлікті сатуды аукциондарда, оның ішінде бөліп төлеу шартымен сатуды, сондай-ақ жекелеген мүлікті осы қаулының 1-тармағында аталған ведомствоаралық комиссия шешімінің негізінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қайтарымсыз негізде беруді жүзеге асырсын. 
4. 1) "Қазақстан Эксимбанкі" және "ТұранӘлемБанкі" жабық акционерлік қоғамдарына "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттік" акционерлік қоғамына мүліктері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне қолданылып жүрген заңдарға сәйкес берілетін заемшы кәсіпорындардан берешектің қалдығын өндіріп алу жөнінде өкілеттікті беру; 
2) "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттік" 
акционерлік қоғамына заемшы кәсіпорындардан берешектің қалдығын өндіріп 
алу жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.
     
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы 
министрлігіне жүктелсін.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
                                              Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                              1998 жылғы 16 қазандағы
                                                 N 1056 қаулысымен
                                                   бекітілген
     Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар
       мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде
       алынған мүліктің тізбесін айқындау жөніндегі
           ведомствоаралық комиссияның құрамы
     
     Шоқпытов Андар       - Қазақстан Республикасы Қаржы
     Мәулешұлы              министрлігінің Мемлекеттік мүлік
                            және жекешелендіру департаменті
                            директорының бірінші орынбасары
     
     Айтжанов Дулат       - Қазақстан Республикасы Қаржы
     Нұриұлы                министрлігінің Бюджет департаменті
                            несиелендіру басқармасының бастығы
     
     Жүсіпов Мұрат        - Қазақстан Республикасының Қаржы
     Арыстанұлы             министрлігі Мемлекеттік мүлік және
                            жекешелендіру департаментінің
                            акционерлік қоғамдар мен серіктестік-
                            терді басқару басқармасының бастығы
     
     Бешкенов Марат       - Қазақстан Республикасы Қаржы
     Мұратбекұлы            министрлігінің Бюджет департаменті
                            несиелендіру басқармасының бас экономисі
     
     Жақсылықов Тимур    -  Қазақстан Республикасының Экспорт-
     Ермекұлы               импорт Банкі төрағасының орынбасары
     
     Сейітқасымов        -  "ТұранӘлемБанкі" жабық акционерлік
     Айдар                  қоғамы Ақмола филиалының директоры
     Ғабдукапарұлы
     
     Кәрімов Асқар       - Қазақстан Республикасының "Ұлттық
     Амантайұлы            заң агенттігі" жабық акционерлік
                           қоғамының президенті
     
     Тасқожин            - Қазақстан Республикасы Ауыл
     Амангелді             шаруашылығы министрлігінің инвестициялар
     Шағатайұлы            және халықаралық ынтымақтастық басқармасының
                           бастығы
     
     Естаев Ерлан        - Қазақстан Республикасының
     Жұмабайұлы            Шағын бизнесті қолдау жөніндегі
                           агенттігінің шағын кәсіпкерлікті
                           дамыту мен қолдаудың мемлекеттік
                           саясаты басқармасының бастығы
     
     
     
     
        
      
      
Полная версия
ИС BestProfi