Близость слов: Окончание:





Биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияға биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасын ратификациялау туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 17 маусымдағы N 43-IV Заңы
Монреальда 2000 жылғы 29 қаңтарда қол қойылған Биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияға биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасы ратификациялансын.
БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІК ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯҒА БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ КАРТАХЕН ХАТТАМАСЫ
Осы Хаттаманың Тараптары,         Төменде "Конвенция" деп аталатын Биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияның Тараптары  бола отырып ,         Конвенцияның 19-бабының 3 және 4-тармақтарына, сондай-ақ 8 g) және 17-баптарына  сілтеме жасай отырып ,          сондай-ақ  қарау үшін, атап айтқанда, дер кезіндегі негізделген келісімнің тиісті рәсімдерін әзірлеп, осы заманғы биотехнологияны қолдану нәтижесінде алынған және биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға жайсыз әсер ете алатын кез келген тірі өзгертілген ағзаның трансшекаралық орын ауыстыруына ерекше назар аударып, ол биологиялық қауіпсіздік жөнінде хаттама әзірлеуге қаулы еткен 1995 жылғы 17 қарашадағы Биологиялық әртүрлілік туралы конвенция Тараптары Конференциясының ІІ/5 шешіміне  сүйене отырып ,         Қоршаған орта және даму жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясының 15-принципінде көрсетілген сақтық шараларын қабылдау принципін  тағы да қуаттай отырып ,         осы заманғы биотехнологияның шапшаң таралып отырғанын, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікке оның ықтимал зиянды әсер етуіне байланысты, сонымен бірге адам денсаулығы үшін қауіптерді ескеріп, жұртшылықтың өскелең алаңдаушылығын  сезіне отырып ,         егер осы заманғы биотехнологияны дамытып, оны қоршаған орта мен адам денсаулығы жөнінде тиісті қауіпсіздік шараларын сақтап пайдаланса, ол адамдардың әл-ауқатын арттыру үшін орасан зор мүмкіндіктер ашатынын  мойындай отырып ,          сондай-ақ  шығу тектерінің орталықтары мен генетикалық әртүрлілік орталықтарының адамзат үшін төтенше маңыздылығын  тани отырып ,         тірі өзгертілген ағзаларға байланысты белгілі және ықтимал тәуекелдердің сипаты мен көлеміне жауап қайтару жөніндегі көптеген елдердің, атап айтқанда дамушы елдердің шектеулі мүмкіндіктерін  назарға ала отырып ,         сауда және табиғат қорғау келісімдері орнықты дамуға қол жеткізу мақсатында бірін бірі толықтырушы келісімдер болуға тиіс екенін  мойындай отырып ,         осы Хаттама кез келген қолданыстағы халықаралық келісімдерге сәйкес Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін өзгертуді көздейтін хаттама ретінде түсіндірілмейтінін  атап көрсете отырып ,         жоғарыда атап көрсетуші бөлікте осы Хаттаманы басқа халықаралық келісімдерге бағындыру мақсаты көзделмейтінін түсінуді  бірінші кезекке қоя отырып ,         МЫНАЛАР ЖАЙЫНДА УАҒДАЛАСТЫ:
Қоршаған орта және даму жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясының 15-принципінде айтылған сақтық шараларын қабылдау принципіне сәйкес осы Хаттаманың мақсаты осы заманғы биотехнологияны қолдану нәтижесі болып табылатын және биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға жайсыз әсер ете алатын кез келген тірі өзгертілген ағзалардың адам денсаулығы үшін тәуекелдерді ескеріп және трансшекаралық орын ауыстыруына ерекше назар аударып, оларды қауіпсіз беру, өңдеу және пайдалану саласында қорғанудың тиісті деңгейін қамтамасыз етуде көмек көрсету болып табылады.
1. Әрбір Тарап осы Хаттама шеңберінде көзделген өздерінің міндеттемелерін орындау үшін қажетті және тиісті құқықтық, әкімшілік және басқа да шаралар қабылдайды.
2. Адам денсаулығы үшін тәуекелдерді де ескере отырып, Тараптар кез келген тірі өзгертілген ағзалар алу, оларды өңдеу, тасымалдау, пайдалану, беру және сыртқа босату биологиялық әртүрлілік үшін тәуекелдерге жол берілмейтіндей немесе олар азайтылатындай етіп жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
3. Осы Хаттамада ештеңе де ешқандай жолмен халықаралық құқыққа сәйкес айқындалған мемлекеттердің аумақтық теңізі жөніндегі олардың егемендігіне және мемлекеттер өздерінің ерекше экономикалық аймақтарында және халықаралық құқыққа сәйкес олардың континенттік шельфтерінің шекараларында ие егеменді құқықтары мен юрисдикциясына, сондай-ақ халықаралық құқықта көзделген және тиісті халықаралық құжаттарда бекітілген навигациялық құқықтар мен бостандықтарды барлық мемлекеттердің теңіз және әуе кемелерінің жүзеге асыруына нұқсан келтірмейді.
4. Осы Хаттамада ештеңе де, осындай шаралар осы Хаттаманың мақсаты мен ережелеріне сәйкес келетін және халықаралық құқық шеңберінде осы Тараптың басқа міндеттемелерімен келісілетін жағдайда, осы Хаттамада көзделгеннен басқа биологиялық әртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану жөнінде қорғаудың неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз ететін шаралар қолдану жөніндегі Тараптың құқықтарын шектеу ретінде түсіндірілмейді.
5. Тараптар тиісті жағдайларда бар сараптамалық білімдерді, уағдаластықтарды және адам денсаулығы үшін тәуекелдер саласында құзырлы халықаралық форумдарда атқарылған жұмыстың нәтижелерін назарға алуға ынталандырылады.
а) "Тараптар Конференциясы" Конвенция Тараптарының Конференциясын білдіреді;
b) "тұйықталған жүйелерде пайдалану" тірі өзгертілген ағзалардың сыртқы ортамен байланысын және оған әсер етуін тиімді түрде шектейтін арнайы шаралармен реттелетін осы ағзалармен байланысты қондырғы, құрылыс немесе өзге физикалық құрылым шегінде жүзеге асырылатын кез келген операцияны білдіреді;
с) "экспорт" бір Тараптан басқа Тарапқа әдейі трансшекаралық орын ауыстыруды білдіреді;
Полная версия
ИС BestProfi