Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.01.2004
Су жолдарын кеме жүзетiн жолдар санатына жатқызу тәртiбi туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 19 тамыз 1994 ж. N 931
"Қазақстан Республикасының Су кодексiн күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 31 наурыздағы N 2062 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға болатын әрi тиiмдi су жолдары кеме жүзетiн жолдар санатына жатады деп белгiленсiн. 
2. Су жолдарын кеме жүзетiн жолдар санатына жатқызуды Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң қажеттi негiздемесi бар ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жүзеге асырады, негiздемеде: 
тасымалдау мен негiзгi жүк тасқынының көлемi; 
су жолдарын пайдаланудың ерекшелiктерi; 
жол шаруашылығына қызмет көрсетушi ұйымның атауы көрсетiлуге тиiс. 
жолды күтуге жұмсалатын шығынның есеп-қисабы; 
су тоғанының сызба жоспары мен гидрологиялық сипаттамасы; 
су ресурстарын басқару және табиғатты қорғау мемлекеттiк органдарының келiсiмi қосылады. 
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi су ресурстарын басқару, табиғатты қорғау, денсаулық сақтау мемлекеттiк органдарымен және басқа да мүдделi ведомстволармен келiсуi бойынша кеме жүзуi үшiн ашық, қай ведомствоға жататыны мен меншiк нысанына қарамастан, барлық кәсiпорындар мен ұйымдар үшiн мiндеттi болып табылатын iшкi су жолдарын пайдалану Ережесiн әзiрлеп, бекiтсiн. 
4. Кеме жүзуi үшiн ашық қазiргi iшкi су жолдары осыған қосылған тiзбеге сәйкес сақталатын болсын.
Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                              Қазақстан Республикасы
                                     Министрлер Кабинетiнiң
                                     1994 жылғы 19 тамыздағы
                                         N 931 қаулысына
                                               қосымша
        Кеме жүзуi үшiн ашық қазiргi iшкi су жолдарының
                         ТIЗБЕСI
     Қара Ертiс өзенi /Қытай Халық Республикасы шекарасынан бастап/ -
Зайсан көлi - Бұқтырма, Өскемен және Шульба су қоймаларымен бiрге
Ертiс /Ресей Федерациясымен шекараға дейiн/
     Қапшағай су қоймасымен бiрге Iле өзенi, Қытай Халық Республикасы
шекарасынан Қапшағай ГЭС-i су бөгетi шегiндегi аралық.
     Орал өзенi, Батыс Қазақстан облысының Рубежка поселкесiнiң оның
сағасына дейiн
     Орал - Каспий каналы
     Балқаш көлi
     Есiл өзенi, Петропавл су қоймасы бөгетiнен Ресей Федерациясының
шекарасына дейiн
     Сырдария өзенi, Қызылорда қаласы мен паром өткелдерiнiң маңайы
     Қазақстан Республикасы шегiндегi Каспий теңiзiнiң айдыны
      
      
Полная версия
ИС BestProfi