Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау органдарының қажеттіліктері үшін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, телекоммуникациялардың бірыңғай желісінің ресурстарын дайындау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 31 қаңтар N 164
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.12.2019 жылғы № 902 Қаулысына сәйкес (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.11.2025 жылғы № 988 Қаулысына сәйкес (04.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тақырыбы мен кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.10.2004. № 1079 қаулысымен. (31.01.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.11.2025 жылғы № 988 Қаулысына сәйкес (04.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау органдарының қажеттіліктері үшін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, телекоммуникациялардың бірыңғай желісінің ресурстарын дайындау және пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.10.2004. № 1079 қаулысымен. (31.01.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.11.2025 жылғы № 988 Қаулысына сәйкес (04.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау органдарының қажеттіліктері үшін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, телекоммуникациялардың бірыңғай желісінің ресурстарын дайындау және пайдалану қағидалары
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.10.2004. № 1079 қаулысымен. (31.01.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.10.2004. № 1079, 28.04.2006. № 340 қаулыларымен (31.01.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.06.2017 жылғы № 350 Қаулысына сәйкес (28.04.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.04.2019 жылғы № 154 Қаулысына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.12.2019 жылғы № 902 Қаулысына сәйкес (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.11.2025 жылғы № 988 Қаулысына сәйкес (04.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау органдарының қажеттіліктері үшін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, телекоммуникациялардың бірыңғай желісінің ресурстарын дайындау және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және пайдаланушы болып табылатын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау органдарының қажеттіліктері үшін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, телекоммуникациялардың бірыңғай желісінің ресурстарын дайындау және пайдалану тәртібін айқындайды.
1) Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысының телекоммуникация (байланыс) жүйесі – төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс әскерлерін басқаруды қамтамасыз ету үшін әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде қолданылатын телекоммуникация желісінің ресурстарын пайдалануға бағытталған ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешені;
2) байланыс арналарын ауыстыру немесе зақымданған жағдайда оларды қалпына келтіру жөніндегі шұғыл шаралар – резервтегі байланыс арналарын, желілерін, құралдарын, қосалқы мүлік пен керек-жарақтарды пайдалануды, жұмыс уақытынан тыс жұмыстарды, түнгі уақыттағы жұмыстарды жүргізуді, жұмыскерлерді демалыстардан және іссапарлардан шақыртуды, басқа ұйымдарды және арнайы құралымдарды тартуды қамтитын байланыс қызметтерін көрсетуді жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар кешені;
3) басым тәртіппен көрсетілетін байланыс қызметтерін ұсыну – кезектілік тәртібімен немесе бұрын жасалған шарттардың талаптары бойынша көрсетілетін байланыс қызметтерін алуға құқығы бар барлық мүдделі жеке және заңды тұлғалармен келіспей және кезектен тыс байланыс қызметтерін көрсету;
4) бірыңғай телекоммуникация желісінің ресурстары – ортақ пайдаланылатын, арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілері, ведомстволық, бөлінген, корпоративтік ақпарат беру желілері, телевизиялық және радиохабар тарату желісі иелерінің көрсетілетін байланыс қызметтерін ұсынуының техникалық және әкімшілік мүмкіндіктері;
5) ерекше маңызды жұмыстар мен іс-шаралар – мемлекет және үкімет басшыларының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүруіне байланысты жұмыстар мен іс-шаралар;
6) телекоммуникация желілерін дайындау және пайдалану – телекоммуникация желілері арқылы байланыс қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ететін жағдай жасауға және пайдаланушылардың мұқтажын қанағаттандыру үшін оларды тікелей көрсетуге бағытталған шаралар кешені.
2-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау органдарының қажеттіліктері үшін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, телекоммуникациялардың бірыңғай желісінің ресурстарын дайындау және пайдалану тәртібі
1-параграф. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының күнделікті мұқтажы үшін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, бірыңғай телекоммуникация желісінің ресурстарын дайындау және пайдалану