Близость слов: Окончание:





Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, біртұтас телекоммуникация желілерінің ресурстарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының қажеттері үшін әзірлеу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 31 қаңтар N 164
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.12.2019 жылғы № 902 Қаулысына сәйкес (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 22.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тақырыбы мен кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.10.2004. № 1079 қаулысымен. (31.01.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдарының мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн, бiртұтас телекоммуникациялар желілерiнiң ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесi бекiтiлсiн. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.10.2004. № 1079 қаулысымен. (31.01.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.     
Қазақстан Республикасы
 Yкiметінің
 2001 жылғы 31 қаңтардағы
 N 164 қаулысымен
 БЕКIТIЛГЕН
Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, біртұтас телекоммуникация желілерінің ресурстарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының қажеттері үшін әзірлеу мен пайдалану қағидалары
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.10.2004. № 1079 қаулысымен. (31.01.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.10.2004. № 1079, 28.04.2006. № 340 қаулыларымен (31.01.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.06.2017 жылғы № 350 Қаулысына сәйкес (28.04.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.04.2019 жылғы № 154 Қаулысына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.12.2019 жылғы № 902 Қаулысына сәйкес (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, біртұтас телекоммуникация желілерінің ресурстарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының қажеттері үшін әзірлеу мен пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының мұқтажы үшін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, бірыңғай телекоммуникация желісінің ресурстарын дайындау және пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аумақтық қорғаныстың телекоммуникациялар (байланыс) жүйесі –төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде аумақтық қорғаныс әскерлерін басқаруды қамтамасыз ету үшін әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде қолданылатын телекоммуникация желісінің ресурстарын пайдалануға бағытталған ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешені;
2) байланыс арналарын ауыстыру немесе зақымданған жағдайда оларды қалпына келтіру жөніндегі шұғыл шаралар – резервтегі байланыс арналарын, желілерін, құралдарын, қосалқы мүлік пен керек-жарақтарды пайдалануды, жұмыс уақытынан тыс жұмыстарды, түнгі уақыттағы жұмыстарды жүргізуді, жұмыскерлерді демалыстардан және іссапарлардан шақыртуды, басқа ұйымдарды және арнайы құралымдарды тартуды қамтитын байланыс қызметтерін көрсетуді жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар кешені;
3) басым тәртіппен көрсетілетін байланыс қызметтерін ұсыну – кезектен тыс және кезектілік тәртібінде немесе бұрын жасалған шарттардың талаптары бойынша көрсетілетін байланыс қызметтерін алуға құқығы бар барлық мүдделі жеке және заңды тұлғалармен келіспей, байланыс қызметтерін көрсету;
4) бірыңғай телекоммуникация желісінің ресурстары – ортақ пайдаланылатын, арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілері, ведомстволық, бөлінген, корпоративтік ақпарат беру желілері, теледидарлық және радиохабар тарату желісі иелерінің көрсетілетін байланыс қызметтерін ұсынуының техникалық және әкімшілік мүмкіндіктері;
5) ерекше маңызды жұмыстар мен іс-шаралар – мемлекет және үкімет басшыларының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүруіне байланысты жұмыстар мен іс-шаралар;
6) Қазақстан Республикасының қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдары – Қорғаныс министрлігі, ұлттық қауіпсіздік органдары, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі, олардың аумақтық бөлімшелері, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер;
7) телекоммуникация желілерін дайындау және пайдалану – телекоммуникация желілері арқылы байланыс қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға және пайдаланушылардың мұқтажын қанағаттандыру үшін оларды тікелей көрсетуге бағытталған шаралар кешені.
2-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының күнделікті мұқтажы үшін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, бірыңғай телекоммуникация желісінің ресурстарын пайдалану тәртібі
Полная версия
ИС BestProfi