Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2018
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 6 мамырдағы № 75 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында және республикалық баспасөзде жариялануға тиіс
1. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 22, 270-құжат; 2005 ж., № 11, 100-құжат; 2007 ж., № 4, 50-құжат; № 22, 245-құжат; 2008 ж., № 29, 281-құжат; № 46, 523-құжат; 2009 ж., № 40, 388-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақтың екінші бөлігінде «5900,9» деген цифрлар «7092,9» деген цифрлармен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2011 жылғы 6 мамырдағы
 № 75 Жарлығына
 ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2001 жылғы 29 маусымдағы
 № 645 Жарлығымен
 бекітілген
 «Астана - жаңа қала»
 арнайы экономикалық
 аймағы туралы ережеге
 ҚОСЫМША
«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары
Полная версия
ИС BestProfi