Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2015
Темір жол, әуе көлігінде және метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрттердің салдарын жою ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 ақпандағы N 148 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.12.2013 жылғы № 1318 Қаулысымен (18.11.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 18.06.2015 жылғы № 457 Қаулысына сәйкес
Редакция 05.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Темір жол көлігіндегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу ережесі; 
2) Темір жол көлігіндегі өрт салдарларын жою ережесі; 
3) Әуе көлігіндегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрт салдарларын жою ережесі;
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.12.2013 жылғы № 1318 Қаулысымен (18.11.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) Метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрттердің салдарын жою ережесі бекітілсін.
1-тармақ 4-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 05.12.2013 жылғы № 1318 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 16 ақпандағы
 N 148 қаулысымен
 бекітілген
Темір жол көлігіндегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу ережесі
1. Осы Темір жол көлігіндегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) темір жол көлігіндегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
2. Ереже Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы көлік туралы " 1994 жылғы 21 қыркүйектегі және " Өрт қауіпсіздігі туралы " 1996 жылғы 22 қарашадағы заңдарына сәйкес әзірленді.
3. Өртке алдын алу жұмысын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының темір жол көлігіндегі салалық өртке қарсы қызмет (бұдан әрі - ТЖ СӨҚҚ) бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары мыналар болып табылады: 
ТЖ СӨҚҚ бастығы - ТЖ СӨҚҚ бас инспекторы; 
ТЖ СӨҚҚ бастығының орынбасары - ТЖ СӨҚҚ аға инспекторы; 
ТЖ СӨҚҚ аға инспекторлары, инспекторлары, бас мамандары және мамандары - ТЖ СӨҚҚ инспекторлары; 
Полная версия
ИС BestProfi