Близость слов: Окончание:





Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 306-IV Заңы
2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербургте жасалған Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттама ратификациялансын.
Кеден одағында тауарлардың эксперты мен импорты кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері,        халықаралық сауданың жалпыға бірдей қабылданған нормалары мен ережелерін мойындай отырып,
2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімнің 4-бабын басшылыққа ала отырып,        тауарлардың экспорты мен импортына, кеден одағына мүше мемлекеттердің бюджеттеріне жанама салықтардың уақтылы және толық түсуіне бақылауды күшейтуге өзара мүдделілікті негізге ала отырып,        осы мақсатпен бір-біріне жәрдемдесуді қалай отырып,        төмендегілер туралы келісті:
1-бап Тауарлардың экспорты кезінде жанама салықтарды қолдану тәртібі
1. Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше екінші мемлекеттің аумағына тауарларды экспорттау кезінде аумағынан тауарлар әкетілген кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі (төлеушісі) (бұдан әрі - салық төлеуші) осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды салық органына беру кезінде қосылған құн салығының (бұдан әрі - ҚҚС) нөлдік ставкасын және (немесе) акциздерді төлеуден босатуды қолданады.
Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше екінші мемлекеттің аумағына тауарларды экспорттау кезінде салық төлеуші кеден одағынан тысқары жерлерге осы мемлекеттің аумағынан экспортталған тауарларға қатысты қолданылатын, кеден одағына мүше мемлекеттің осыған ұқсас заңнамасында көзделген тәртіппен салықтық шегерімдерге (есепке жатқызуларға) құқығы бар.
Тауарларды өткізу орны кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалады.
2. Аумағынан тауарлар әкетілген кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінің ҚҚС-ның нөлдік ставкасын қолдануының және (немесе) акциздерді төлеуден босатудың негізділігін растау үшін салық органына салық декларациясымен бір мезгілде мынадай құжаттар (олардың көшірмелері) табыс етеді:
1) өзгерістер, толықтырулар мен оларға қосымшалар ескеріле отырып, солардың негізінде тауарлар экспорты жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар) (бұдан әрі - шарттар (келісімшарттар); тауарлар лизингі немесе тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) жағдайында - лизинг шарттары (келісімшарттары), тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) шарттары (келісімшарттары); тауарларды дайындауға арналған шарттар (келісімшарттар); алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар  (келісімшарттар);
2) егер кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, экспортталған тауарларды өткізуден түскен түсімнің экспорттаушы салық төлеушінің шотына нақты түсуін растайтын банктің үзінді көшірмесі.
Егер шартта (келісімшартта) қолма-қол ақша қаражатымен есеп айырысу көзделген жағдайда және мұндай есеп айырысу аумағынан тауарлар экспортталатын кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе салық төлеуші салық органына оның банктегі шотына алынған сомаларды салық төлеушінің енгізгенін растайтын банктің үзінді көшірмесін (көшірме-үзіндісінің көшірмесін), сондай-ақ егер аумағынан тауарлар экспортталатын кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, көрсетілген тауарларды сатып алушыдан түскен түсімнің нақты түсуін растайтын кассалық кіріс ордерлерінің көшірмелерін табыс етеді.
Тауарлар оларға меншік құқығының лизинг алушыға өтуі көзделетін лизинг шарты (келісімшарты) бойынша әкетілген жағдайда, егер кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, салық төлеуші салық органына экспорттаушы салық төлеушінің шотына лизинг төлемінің (тауарлардың (лизинг мәндерінің) бастапқы құнын өтеу бөлігінде) нақты түсуін растайтын банктің үзінді көшірмесін (үзіндінің көшірменің көшірмесін) табыс етеді.
Сыртқы сауда тауар алмасу (бартерлік) операциялар жүзеге асырылған, тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) берілген жағдайда экспорттаушы салық төлеуші салық органына көрсетілген операциялар бойынша алған (сатып алған) тауарлардың импортын (жұмыстардың орындалғанын, қызметтер көрсетілгенін) растайтын құжаттарды табыс етеді;
3) аумағына тауарлар импортталған кеден одағына мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтардың төленгені (олардан босатылғаны немесе салықтық міндеттемелерді орындаудың өзге тәртібі) туралы белгісі бар кеден одағына мүше мемлекеттердің салық органдары арасындағы электронды түрде Ақпарат алмасу туралы хаттамаға 1-қосымша нысанында жасалған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (бұдан әрі - Өтініш) (кеден одағына мүше мемлекеттердің салық органдарының қалауы бойынша түпнұсқада немесе көшірмеде);
4) тауарлардың кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше екінші мемлекеттің аумағына өткізілгенін растайтын кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген көлік (тауарларға ілеспе) құжаттар. Егер тауарларды алып өтудің жекелеген түрлері үшін кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында мұндай құжаттарды ресімдеу көзделмеген жағдайда аталған құжаттар табыс етілмейді;
5) аумағынан тауарлар экспортталған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген ҚҚС-ның нөлдік ставкасын қолданудың және (немесе) акциздерді төлеуден босатудың негізділігін растайтын өзге де құжаттар.
Полная версия
ИС BestProfi