Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 04.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргізу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 45 қаулысы
1. Қоса берiлiп отырған мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 45 қаулысымен бекiтiлген
Мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргiзу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Орман орналастыруды жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) мемлекеттiк орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргiзу тәртiбiн регламенттейдi.
2. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкілеттi орган) қарауындағы мемлекеттiк орман орналастыру ұйымдары орындайды.
3. Мемлекеттiк орман иеліктері үшін әзірленетін орман орналастыру жобалары орман шаруашылығын жүргізудің және өткен ревизиялық кезеңде мемлекеттік орман қорын пайдаланудың кешенді бағасын, алдағы ревизиялық кезеңде жоспарланып отырған орман шаруашылығы іс-шаралары мен орман шаруашылығын ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі ережелерін қамтиды.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.11.2012 № 1413 (16.01.2004 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Орман орналастыруды жүргiзу шарттары мен тәртiбi
4. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыру осы Ережеге және орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығына сәйкес бiрыңғай жүйе бойынша орындалады.
4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.11.2012 № 1413 (16.01.2004 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
5. Мемлекеттік орман қорында орман орналастыру жыл сайын белгіленген тексеру кезеңiнiң ұзақтығын ескере отырып, мемлекеттiк орман иеленушілердiң орман орналастыру жобаларының уақтылы жаңартылып тұруын қамтамасыз ететiн көлемде жүргiзіледi.
6. Орман орналастыру кезiнде Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 55-бабында көзделген орман орналастыру iс-әрекеттерi, сондай-ақ мынадай шаралар:
1) табиғи-климаттық, орман өсiмдiктерi мен орман экономикалық шарттардың ерекшелiктерiн қорытындылайтын, орман шаруашылығын жүргiзу қағидаттарын, орман бағалаудың нормативтiк-анықтамалық материалдарын iрiктеп алып, орман шаруашылығы iс-шараларын жобалау ерекшелiктерiн негiздейтiн құжат - облыс (өңiр), Астана қаласы және республикалық маңызы бар қалалар бойынша орман шаруашылығын жүргiзудiң негiзгi ережелерiн әзiрлеу;
Көрсетілген құжат дайындық жұмыстары жүргiзілетiн жылы әзiрленедi және уәкiлетті орган бекiткеннен кейiн тиiсті облыс (өңiр), Астана қаласы немесе республикалық маңызы бар қалалар аумағында орман орналастыруды жүргiзу және орман орналастыру жобаларын әзiрлеу кезiнде нормативтiк кесiм болып табылады;
2) облыс (өңiр), Астана қаласы және республикалық маңызы бар қалалар бойынша орман орналастырудың жиынтық материалдарын құрастыру, орман қорының тиiсті тақырыптық карталарын дайындау, орман мониторингiнiң ақпараттық базасын құру;
Полная версия