Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 09.06.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 6 сәуірдегі
 № 376 қаулысымен
 бекітілген
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесі
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы.
2. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы.
3. «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы.
4. «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы
5. «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы.
6. «ҚазМүнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
7. «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы.
Полная версия
ИС BestProfi