Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.09.2015
"Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрдің м.а. 2011 жылғы 5 тамыздағы № 06-2/454 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 6 қыркүйекте № 7166 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 22 қыркүйектен бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің  20.07.2015 жылғы № 4-2/665 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік кызмет регламенті бекітілсін.
2. Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті (А.А. Буць) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрі м.а.
 2011 жылғы 5 тамыздағы
 № 06-2/454 бұйрығымен
 бекітілген
«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызметінің регламенті
1. Осы «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызметінің регламенті» мемлекеттік қызметі регламенті (бұдан әрі – регламент) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4-тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия - өсiмдiк сорттарының патент қабiлеттiлiгiн және шаруашылыққа пайдалылығын сараптамадан өткiзудi және сынауды жүзеге асыратын, уәкiлеттiк органның қарауындағы ұйым;
2) өтініш беруші - өтінім беруші - сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізуге өтінім берген заңды немесе жеке тұлға;
3) сорттық сынақ - селекциялық жетiстiктiң патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылықта пайдалылығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiлетiн сараптамадан және сынақтан өткiзу.
3. Мемлекеттік қызмет Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиямен (бұдан әрі – Мемкомиссия) көрсетіледі.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
1) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 3 тармағы;
2) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы 4-бабының 8-тармақшасы;
3) «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысы;
4) «Сорттың патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 337 қаулысы;
5) «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.
6. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесіне (бұдан әрі - Мемлекеттік тізбе) сортты енгізу туралы тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның бұйрығының көшірмесін немесе әрі қарай сорт сынақтан алынып тастау туралы қағаз тасығышта негізделген қорытындысын беру болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында басқа мекемелердің қатысуы көзделмеген.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің талаптары
8. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету барысы туралы ақпаратты демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, 18.30-ға дейін Мемкомиссияда алуға болады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік қызмет регламенті мекен-жайлары стандарттың 1-қосымшада көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың стендтерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде, «Министрліктің бұйрықтары» кіші бөлімінде орналасқан.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) сортсынау жөніндегі Мемкомиссия қызметтері келесі мерзімде өткізіледі:
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын өтініш берушінің деректері бойынша сынақтан өткізу және бағалау – өтінім берген сәттен бастап бір жылға дейін;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын мемлекеттік сынақтың деректері бойынша сынақтау және бағалау – өтінім берген сәттен бастап үш жылдан (екі вегетациялық кезеңі) кем емес;
2) өтінім беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі ең көп жол берілген күту уақыты - 30 минуттан көп емес;
3) өтінім беруші құжаттарды алу кезінде ең көп жол берілген күту уақыты - 30 минуттан көп емес.
11. Өтінім бланкін Мемкомиссияның кеңсесінде беріледі, оның нысаны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде, «Министрліктің бұйрықтары» кіші бөлімінде орналасады.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемкомиссияның бір қызметкері жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңіндегі қатынас
 (қарым-қатынас) тәртібінің сипаттамасы
13. Мемлекеттік қызмет өтінім берушінің Мемкомисияға келген кезде көрсетіледі.
Өтінім берушіге Қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызметінің стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 14-тармағына сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтінім беруші стандарттың 11-тармағында көрсетілген ұсынылатын құжаттарды тапсырылады.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) Мемкомиссия кеңсесінің атқарушысымен қабылданған құжаттарды қабылдауды, қарауды, бақылауға қоюды жүзеге асырады. Тіркелген, дұрыс рәсімделген құжаттар жергілікті атқарушы органның бастығына және одан кейін атқарушыға беріледі;
2) Мемкомиссияның атқарушысы өтінім берушінің құжаттарын алған сәттен толықтылығын және дұрыс рәсімделгенін тексереді;
3) Мемкомиссия өтінішті қабылдағаннан кейін келесідей іс-әрекеттерді жүзеге асырады:
сорттың атын және пайдалануға жіберілетін өтінішті сараптауды;
өнім өндірісінің ең жоғарғы экономикалық тиімділігін қамтамассыз ететін кешендік белгілерін (өнімділігі, сапасы, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі және тағы басқа әр дақылдың әдістемесімен анықталған шаруашылық-құнды белгілері);
деректер жинақтамасында сорттың паспортын тіркеу;
морфологиялық белгілері бойынша, сорттың арнайы суреттемесінде көрсетілген нәтижелер бойынша сорт біркелкілігі;
4) сортты шаруашылық жарамдылығына өтініш берушінің деректері бойынша сынағанда, сорттың белгілерінің жиынтығы мен біркелкілігіне морфологиялық белгілері бойынша сынақ келесідей жағдайда жүргізілмейді, егер де:
өтініш беруші сынақтың топырақ-климаттық жағдайлары сәйкесінше пайдалануға жіберуді ұсынып отырған әкімшілік-аймақтың жағдайларымен ұқсас екендігін дәлелдейтін өзге елдің уәкілетті орындары берген ауылшаруашылығы дақылы сортының сынақ нәтижесінің оң қорытындысы туралы құжаттарды тапсырады;
өтініш беруші ұсынған ауылшаруашылығы дақылы сорттарының сынақ қорытындысы стандарт сорттан өнімділігі жоғары екендігін, негізгі зиянкестер мен ауруларға стандарт деңгейінде қарсы тұратындығын немес сорттың пайдалануын айқындайтын негізгі құнды белгілерін куәландырады.
5) сорттың шаруашылыққа пайдалылығы жөніндегі сынақтың қорытындысы бойынша:
Мемкомиссия сортты әрі қарайғы сынақтан алып тастау немесе шаруашылық-құнды белгілерінің жиынтығы бойынша пайдалануға рұқсат беру негізінде қорытынды жасалынады;
тұқым шаруашылығы саласының уәкілетті органдарымен құрылған Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау мәселелері жөніндегі республикалық комиссия тұқымшаруашылығы саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесіне сәйкесінше толықтырулар мен өзгертулер енгізуге шешім қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.
Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тартуға стандарттың 16-тармағында көрсетілген.
16. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар көзделмеген.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
1) Мемкомиссия кеңсесінің қызметкері;
3) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен құрылған Мемлекеттік тізбеге өзгерістер енгізу мен талқылау жөніндегі Республикалық комиссия мүшелері;
4) сортсынау сұрақтарымен айналысатын уәкілеттік органның құрылымдық бөлімдерінің қызметкерлері
18. ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдері) реттілігінің сипаттамасы мен өзара әрекеттесуі осы регламенттің 1-қосымшасында берілген.
19. ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің логикалық реттілігінің арасындағы байланысты көрсететін сұлба, осы регламенттің 2-қосымшасында берілген.
«Ауыл шаруашылығы
 өсімдіктерінің шаруашылыққа
 пайдалылығын мемлекеттік
 сынау» мемлекеттік қызметінің
 регламентіне 1-қосымша
ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдері) реттілігінің
 сипаттамасы мен өзара әрекеттесуі
1-ші кесте. ҚФБ-ның іс-әрекеттеріне сипаттама
 
Негізгі процесстің іс-әрекеті (жүрісі, жұмыстың ағымы)
1 Іс-әрекеттің №
(жүрісі, жұмыстың ағымы)
1 2 3 4 5 6
7
2 ҚФБ-ның атауы Кұжаттарды қабылдауға Мемкомиссияның кеңсесінің қызметкері Мемкомиссияның басшылығы (Бастығы немесе оның орынбасары) Мемкомиссияның құрылымдық бөлімшесінің бастығы Мемкомиссияның жауапты атқарушысы Сараптамалық кеңес Ауылшаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау мәселелері жөніндегі республикалық комиссия Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның маманы
3 Іс-әрекеттің атауы (процесстің, рәсімнің,
операцияның) және олардың сипаттамасы
Құжаттардың толықтығын (түгелдігін) тексеру, қабылдау Хат-хабармен танысу, құжаттарды қарайтын құрылымдық бөлімшені айқындау Хат-хабармен танысу,
құжаттарды қарайтын жауапты атқарушыны айқындау
Құжаттардың толықтығын (түгелдігін) айқындау және олардың тұқым шаруашылығы саласында бекітілген заңнамалардың талаптарына сәйкестігін айқындау Талаптарға сәйкес өтініштердің тізімін бекіту, өтінішті қабылдамау, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесіне енгізу немесе бас тарту туралы мәліметтерді дайындау Селекциялық жетістік тізбесіне енгізу немесе алып тастау туралы хаттамалық шешім Сортты Тізбеге енгізу туралы бұйрықтың жобасы
4 Аяқтау нысаны
(мәлімет, құжат, ұйымдастырушы-басқарушылық
шешім)


Сортты Тізбеге енгізу туралы бұйрыққа қол қою



Хаттамалық шешім

Сортты Тізбеге енгізу туралы бұйрықты тіркеу
5 Орындалу мерзімі 30 минут 2 сағат 1 сағат 2-3 жыл 2 сағат 5 сағат 2 сағат
2-ші кесте. Қолдану нұсқалары. Негізгі үрдіс
 
ҚФБ-ның 1-ші тобы
Құжаттарды қабылдауға Мемкомиссияның кеңсесінің қызметкері
ҚФБ-ның 2-ші тобы
Мемкомиссияның құрылымдық бөлімшесінің бастығы
ҚФБ-ның 3-ші тобы
Мемкомиссияның жауапты атқарушысы
№ 1 әрекет
Құжаттарды қабылдау, қолхат беру, журналға тіркеу, Мемкомиссияның құрылымдық бөлімшесінің бастығына жіберу
№ 2 әрекет
Құжаттарды қарап жауапты атқарушыны анықтау
№ 3 әрекет
Құжаттардың толықтығын (түгелдігін) және олардың тұқымшаруашылығы заңнамаларындағы бекітілген, селекциялық жетістіктерді қорғау және ауылшаруашылығы өсімдіктеріне сортсынау жүргізу Әдістемесі талаптарына сәйкестігін анықтау.
3-ші кесте. Қолдану нұсқалары. Альтернативтік үрдіс
 
ҚФБ-ның 1-ші тобы
Құжаттарды қабылдауға Мемкомиссияның кеңсесінің қызметкері
ҚФБ-ның 2-ші тобы
Мемкомиссияның құрылымдық бөлімшесінің бастығы
ҚФБ-ның 3-ші тобы
Мемкомиссияның жауапты атқарушысы
№ 1 әрекет
Құжаттарды қабылдау, қолхат беру, журналға тіркеу, Мемкомиссияның құрылымдық бөлімшесінің бастығына жіберу
№ 2 әрекет
Құжаттарды қарап жауапты атқарушыны анықтау, қабылдамаудың дәлелді себептерін дайындау
№ 3 әрекет
Құжаттардың толықтығын (түгелдігін) және олардың тұқымшаруашылығы заңнамаларындағы бекітілген, селекциялық жетістіктерді қорғау және ауылшаруашылығы өсімдіктеріне сортсынау жүргізу Әдістемесі талаптарына сәйкестігін анықтау.
№ 4 әрекет
Қабылдамаған дәлелдемені тіркеу және өтініш берушіге қайтару
№ 4 әрекет
Қабылдамаған дәлелдемеге қол қою


«Ауыл шаруашылығы
 өсімдіктерінің шаруашылыққа
 пайдалылығын мемлекеттік сынау»
 мемлекеттік қызметінің
 регламентіне 2-қосымша
ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің логикалық реттілігінің
 арасындағы байланысты көрсететін сұлба
Полная версия
ИС BestProfi