«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 48) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015
Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі N 441 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес «Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.02.2015 жылғы № 158 Бұйрығын қараңыз
Редакция 30.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 441 қаулысымен бекітілген
Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптары
Талаптар өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2013 жылғы № 1433 Қаулысымен (25.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. Осы Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптары (бұдан әрі – сертификаттау талаптары) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және авиация персоналын, мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау мен біліктіліктерін ұстау үшін сәйкестік өлшемдерін белгілейді (бұдан әрі – авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау).
2. Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын осы сертификаттау талаптары Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың бәріне қолданылады.
3. Осы сертификаттау талаптарында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) авиациялық оқу орталығы – авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлауды жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – АОО);
2) аудит немесе аудиторлық тексеру – бұл ұйымның, жүйенің, процестің, жобаның немесе өнімнің қызметін тәуелсіз бағалау рәсімі;
ішкі аудит - менеджментке тәуекелдерді анықтау мен бағалауға және тәуекелдерді азайтуға және жүйелер мен процестердің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды орнатуға көмек беретін басқарушы бағытталған корпоративтік қызмет;
сыртқы аудит - авиациялық оқу орталығының қызметіне тиімді баға беру мақсатында шарттық негізде тәуелсіз аудиторлық ұйым (аудитор) өткізетін аудит
3) белгіленген үлгідегі құжат (куәлік, сертификат, электрондық жүйе, құжаттаудың белгіленген рәсімдеріне сәйкес жүргізілетін кәсіптік даярлау туралы жазбалар) – бекітілген бағдарлама бойынша оқуды аяқтағанын куәландыратын, азаматтық авиация ұйымының жұмысына қатысу рәсімдеріне сәйкестігі шеңберінде қызметтің белгілі бір түрін орындауға құқық беретін құжат не жазба;
4) авиациялық оқу орталығының нұсқаушысы – өз біліктілігіне сәйкес тікелей азаматтық авиация саласының мамандарын кәсіптік даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлға;
5) оқу сапасы – белгілі бір стандарттар шеңберінде белгіленген немесе болжамды талаптарға сай келетін даярлық нәтижесі;
6) біліктілік – ұйғарылған деңгейдегі міндеттер мен функцияларды тиімді орындау үшін талап етілетін білімнің, дағды мен іскерліктің үйлесімі;
Полная версия