Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.12.2015
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 965 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.04.2012 жылғы № 441 Қаулысымен (20.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 28.07.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысына сәйкес
«Жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасау және ұсыну нысандары мен қағидасын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.04.2015 жылғы № 538 және ҚР Энергетика министрінің 30.04.2015 жылғы № 330 Бірлескен бұйрығын қараңыз
Редакция 29.04.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы  және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасының нысаны;
2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді бағдарламасының нысаны;
3) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ұзақ мерзімді бағдарламасының нысаны;
4) жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы есебінің нысаны;
5) жер қойнауын пайданалушылардың кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есеп нысаны;
6) Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасау және ұсыну қағидасы бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.04.2012 жылғы № 441 Қаулысымен (20.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 28.07.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 20 қыркүйектегі
 № 965 қаулысымен
 бекітілген
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасының нысаны
 
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі Сатып алынатын заттың коды ӨСЖ бойынша ТЖҚ коды Сатып алынатын ТЖҚ атауы мен қысқаша (қосымша) сипаттамасы Өлшем бірілігі
1 2 3 4 5



Тауарлар



Жұмыстар



Қызметтер
кестенің жалғасы
 
Заттай түрінде сатып алуға жоспарланған мөлшер ҚҚС есепке алмағанда, сатып алуға жоспарланған сомасы, мың теңге Сатып алу тәсілі Сатып алуды өткізу орны Сатып алуды өткізу мерзімі Жеткізу мерзімі
6 7 8 9 10 11












Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ТЖҚ - тауарлар, жұмыстар мен қызметтер
ӨСЖ - өнімнің статистикалық жіктеуіші
Полная версия
ИС BestProfi