Близость слов: Окончание:





"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығы
Редакция 05.05.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Кіріспе өзгертілді ҚР Президентінің 26.02.2007 жылғы № 291 Жарлығымен (24.03.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы 2027 жылға дейінгі кезеңге құрылсын.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 24.03.2005 жылғы № 1530; 29.12.2008 жылғы № 722, 26.01.2011 жылғы № 1141 Жарлықтарымен (29.06.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 03.05.2012 жылғы № 314 Жарлығымен (06.05.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (25.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)
3. Осы Жарлық 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 29 маусымдағы
N 645 Жарлығымен
бекітілген
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 2005.03.24 N 1530, 2007.02.26 N 291, 2007.06.21 N 352, 2008.06.17 N 614, 2008.12.29 N 722, 2009.09.21 N 873, 2011.01.26 N 1141, 2011.05.06 N 75 Жарлықтарымен
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 03.05.2012 жылғы № 314 Жарлығымен (06.05.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 31.10.2013 жылғы № 681 Жарлығымен (03.05.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 25.11.2016 жылғы № 377 Жарлығымен (31.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2016 жылы № 230 (28958) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Ереже алынып тасталды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (25.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2001 жылғы 29 маусымдағы
 № 645 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің сынақты деңгейі
Жарлық қосымшамен толықтырылды ҚР Президентінің 03.05.2012 жылғы № 314 Жарлығымен
Қосымша алынып тасталды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (25.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi