«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кеден Кодексінің 32-бабының 7-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Бағдарламаны әзірлеу, біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін, біліктілік емтиханы үшін сұрақтар әзірлеуді және оны бекітуді, аттестат алуға үміткердің білімін бағалаудың критерийлерін белгілеудің Ережесін, сондай-ақ, біліктілік аттестатының, бейджінің, кедендік декларациялау жөніндегі маманның жеке нөмірлік мөрінің нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2010 жылғы 15 қарашадағы N 569 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 3 желтоқсанда N 6660 тіркелді
1. Қоса беріліп отырған:
1) Бағдарламаны әзірлеу, біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін, біліктілік емтиханы үшін сұрақтар әзірлеуді және оны бекітуді, аттестат алуға үміткердің білімін бағалаудың критерийлерін белгілеудің Ережесі, осы бұйрыққа қосымша беріліп отырған 1-қосымшаға сәйкес;
2) біліктілік аттестатының, бейджінің, кедендік декларациялау жөніндегі маманның жеке нөмірлік мөрінің нысандары, осы бұйрыққа қосымша беріліп отырған 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетіне (Қ-К.Ж. Кәрбозов) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. А. Шоқпытов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2010 жылғы 15 қарашадағы № 569 бұйрығына 1-қосымша
Бағдарламаны әзірлеу, біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін, біліктілік емтиханы үшін сұрақтар әзірлеуді және оны бекітуді, аттестат алуға үміткердің білімін бағалаудың критерийлерін белгілеудің Ережесі
1. Жалпы ереже
1. Осы Ереже (бұдан әрі-Ереже) бағдарламаны әзірлеудің, біліктілік емтихандарын өткізудің тәртібін, біліктілік емтиханы үшін сұрақтар әзірлеуді және оны бекітуді, аттестат алуға үміткердің білімін бағалаудың критерийлерін белгілеудің тәртібін айқындайды.
2. Біліктілік емтихандарын өткізу бойынша бағдарламаны әзірлеу
2. Біліктілік емтихандарын (бұдан әрі - емтихан) өткізу бойынша бағдарламаны әзірлеу жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Заңнамасына және Кеден одағының кедендік Заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу маманының біліктілік аттестатын алуға үміткерлердің (бұдан әрі - үміткер) білімін тексеруді автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
3. Емтихан өткізу бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету мыналарды қамтиды:
1) өтініш берушілерді жүйеде тіркеу;
2) тестілеу;
3) тестілеу нәтижелерін өңдеу.
4) тестілеудің нәтижесін шығару.
4. Тестілеу компьютерлік және бейнежазу қондырғыларын қолдана отырып жүргізіледі.
Полная версия