1. Қоса беріліп отырған "Ғимараттардың, имараттардың және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 17.11.2010
"Ғимараттардың, имараттардың және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 наурыздағы N 227 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 17.11.2010 № 1202 Қаулысымен (06.03.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) #$ҚР 17.11.2010 № 1202 Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Редакция 06.03.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар өз нормативтік құқықтық актілерін осы қаулымен бекітілген Техникалық регламентке сәйкес келтіруді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 наурыздағы N 227 қаулысымен бекітілген
"Ғимараттардың, имараттардың және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолдану саласы
1. Осы Техникалық регламент нарықта өткізілетін және пайдалануға берілетін ғимараттардың, имараттардың (бұдан әрі - ғимарат (имарат) және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне, оларды жобалау, салу, пайдалану және кейіннен пайдаға асыру процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Техникалық регламенттің техникалық реттеу объектілері мыналар болып табылады:
1) ғимараттарды (имараттарды) жобалау (бұдан әрі - жоба) кезеңінде жасалатын, олардың нарықта өткізілетін жобалық-сметалық құжаттамасы;
2) ғимараттарды (имараттарды) салу, қайта жаңарту, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу үшін нарық субъектілері жүзеге асыратын технологиялық құрылыс процестері;
3) құрылыс кезеңі аяқталғаннан кейін нарықта өткізілетін және пайдалануға берілетін ғимараттар (имараттар);
4) функционалдық мақсатына қарай пайдалану мақсатында нарық субъектілері жүзеге асыратын ғимараттарды (имараттарды) пайдалану процестері;
5) ғимараттарды (имараттарды) пайдаланып болғаннан кейін қалпына келтірілетін элементтерді (құрастырмаларды, материалдарды, жабдықтарды) бір мезгілде қалпына келтіре және қайта пайдалана отырып, сондай-ақ қалпына келтіруге жарамайтын элементтер мен қалдықтарды өңдеп бөлшектеу және бұзу үшін нарық субъектілері жүзеге асыратын кейіннен кәдеге асыру кезеңінің технологиялық процестері.
3. Осы Техникалық регламенттің талаптары 2-тармақта көрсетілген техникалық реттеу объектілеріне, Қазақстан Республикасының барлық аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери немесе төтенше жағдай кезеңінде, сондай-ақ табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан ғимараттарға (имараттарға) қауіпті әсер еткен жағдайларда қолданылмайды.
4. Мыналар адам өміріне немесе денсаулығына келтіруі мүмкін зақымға қатысты нарықта өткізілетін және пайдалануға берілетін ғимараттарда (имараттарда) жол берілмейтін қауіпті факторлар (қауіптер) болып табылады:
1) ғимарат (имарат) шегінде адамның жүретін жолдың көлденең және еңіс беттерімен өткен кезінде тайғанауы;
Полная версия