1. Қоса берiлiп отырған Әуе кемелерінің ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруi ықтимал қызметтi жүзеге асыруға рұқсат беру ережесi бекiтiлсiн.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 16.04.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіру ықтимал қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі N 666 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күшi бар Жарлығының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 шiлдедегi N 666 қаулысымен бекiтiлген
Әуе кемелерінің ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруi ықтимал қызметтi жүзеге асыруға рұқсат беру ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күшi бар Жарлығының 18-бабына сәйкес әзiрлендi әрi заңды және жеке тұлғалардың әуе кемелерiнің ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруi ықтимал қызметтi жүзеге асыруына рұқсат беру тәртiбiн анықтайды.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:
1) уәкiлеттi орган - өз құзыреті шегiнде азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды, азаматтық және экспериментальдық авиация қызметiн үйлестiру мен реттеудi және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органы;
2) рұқсат - осы Ережеде белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган беретiн, заңды және жеке тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруi ықтимал қызметтi жүзеге асыру құқығын растайтын құжат.
3. Әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруi ықтимал қызметке:
1) әуеайлақ маңындағы аумақта және әуе трассалары шегiндегi жерлерде орналасқан объектiлердi, электр беру желiлерiн, басқа да кедергiлердi салу;
2) олардың салдарынан әуе кеңiстiгiнде электрмагниттiк, жарықтық, акустикалық, корпускулярлық және сәуле шығарудың өзге де түрлерi жүргiзiлетiн жұмыстар;
3) құстардың жаппай жиналуына немесе ұшу көрінімінің нашарлауына әкеп соқтыратын объектілердi орналастыру;
4) әуе кеңiстiгiнде материалдық объектілердiң қозғалысына тiкелей байланысты емес, бiрақ әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiне, олардың жабдықтарына және ондағы адамдарға әсер ететiн басқа да қызмет жатады.
2. Рұқсат беру және керi қайтарып алу тәртiбi
Полная версия