Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.12.2007
Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың түрлерi мен нысандарын (сипаттамасы) және оларды беру ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы N 175 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 28.12.2007. № 1310 Қаулысымен. (06.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
#$Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
Редакция 06.06.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының  29-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1) бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың түрлерi мен нысандары (сипаттамасы); 
2) Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттарды беру ережесi бекiтiлсiн.
2. "Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың нысандары мен оларды берудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 тамыздағы N 1236  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 42, 381-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2006 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми түрде жариялануға тиiс. 
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 06.06.2006. № 515 қаулысымен. (15.03.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 15 наурыздағы
 N 175 қаулысымен
 бекiтiлген
Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi  
  құжаттардың түрлерi мен нысандары (сипаттамасы) 
1. Куәлiк, аттестат, диплом қорытынды мемлекеттiк аттестаттаудан өткенiн куәландыратын және бiлiм алушының тиiстi бiлiм беру деңгейiнiң (сатысының) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартын меңгергенiн және (немесе) оған бiлiктiлiк берудi куәландыратын бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың (бұдан әрi - мемлекеттiк үлгiдегi құжат) түрлерi болып табылады.
2. Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың барлық түрлерi: 
1) көлемi 224х160 мм қатты мұқабадан (ғылым кандидаты және ғылым докторы дипломдары үшiн - 310х155 мм); 
2) көлемi 210х150 мм қосымша беттен (ғылым кандидаты және ғылым докторы дипломдары үшiн - 310х110 мм); 
3. Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттың мұқабасы: 
1) мемлекеттiк үлгiдегi үздiк құжат yшiн - көк түстi; 
Полная версия
ИС BestProfi