Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 Қаулысы
Редакция 14.06.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығының 7-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 145 Қаулысына сәйкес (01.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградалардан айыру) қағидалары бекітілсін;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі мен сипаттамалары бекітілсін.
2. Ведомстволық наградаларды, сондай-ақ тиісті куәліктерді дайындау жөніндегі шығыстар республикалық бюджетте тиісті мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге көзделетін қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.
3. Тізбеде көрсетілген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бірлесіп, бір ай мерзімде нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтірсін және оны іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдасын.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы № 57 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 2, 21-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы № 57 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 1234 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 563-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1539 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2012 жылғы № 1544 Қаулысымен (15.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.02.2013 жылы № 59 (27998) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2012 жылғы № 1795 Қаулысымен (04.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) 
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.01.2013 жылғы № 38 Қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.04.2013 жылғы № 430 Қаулысымен (25.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) 
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.08.2013 жылғы № 762 Қаулысымен (30.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 23.10.2013 жылы № 237 (28176) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.02.2014 жылғы № 102 Қаулысымен (02.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.07.2014 жылғы № 855 Қаулысымен (18.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.08.2014 жылы № 159 (28383) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.12.2015 жылғы № 992 Қаулысына сәйкес (31.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттаудың (ведомстволық наградаларынан айырудың), қызметкерлерді көтермелеу мен ынталандырудың бірыңғай тәртібі мен қағидаттарын айқындайды.
2. Ведомстволық наградалар қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, шығармашылық белсенділігі, мінсіз қызметі, еңбек қызметінде басқа да жетістіктері мен өзге де сіңірген еңбегі үшін қызметкерлердің, жұмыскерлердің және өзге де тұлғалардың еңбектерін көтермелеу және ынталандыру нысандарының бірі болып табылады.
3. Мыналар: медальдар, төсбелгілер ведомстволық наградалар болып табылады.
4. Мемлекеттік рәміздердің (Мемлекеттік Ту және Мемлекеттік Елтаңба) бейнесі ведомстволық наградалардың элементі немесе геральдикалық негізі ретінде пайдаланылмайды.
Полная версия
ИС BestProfi