Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.10.2014
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң "Достық үйi - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын тарату және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң "Достық үйi - Этносаралық қатынастар орталығы" республикалық мемлекеттiк мекемесiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 403 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1081 Қаулысына сәйкес
Редакция 23.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң «Достық үйi – Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi – кәсiпорын) таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң «Достық үйi – Этносаралық қатынастар орталығы» республикалық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – мекеме) құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, таратылатын кәсiпорын кредиторларының талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүліктi мекемеге берудi қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегі өзге де шараларды қабылдасын.
4. Мекеменi қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асыратыны белгiленсiн.
5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
6. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнің «Достық үйі – Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1313 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 50, 544-құжат) күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 29 сәуірдегі
№ 403 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (29.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.09.2014 жылғы № 1003 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
3. «Республикалық мемлекеттiк меншiктiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жалпымемлекеттiк мiндеттердi орындау үшiн қажеттi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген бөлiмдегi 25-тармақ алынып тасталсын.
4. «Министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 сәуiрдегi № 339 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiнде:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде: 1153

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде: 984
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, оған ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде: 1190,5

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде: 1021,5
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

Достық үйi - Этносаралық қатынастар орталығы 37,5
Полная версия
ИС BestProfi