Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2018
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 405 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 31 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 17.07.2018 жылғы № 437 Қаулысына сәйкес
Редакция 06.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 сәуірдегі
№ 405 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысымен (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2015 жылы № 249 (28727) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.12.2016 жылғы № 769 Қаулысымен (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 630 Қаулысымен (29.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.08.2015 жылы № 165(28041) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 116-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасында:
6), 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кадрлардағы ең төменгі жергілікті қамту;
7) тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі ең төменгі жергілікті қамту;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшері қамтылуға тиіс.»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қазақстандық кадрларды оқыту мен олардың біліктілігін арттырудың міндетті бағдарламаларының іске асырылуына қарай өсіп отыруға тиіс кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелер;»;
6), 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша міндеттемелер;
7) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшері;»;
41-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге;».
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысымен (10.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.12.2015 жылы № 237 (28715) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi