Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.01.2021
"Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығына өзгерістер енгізу
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 163-ө-м бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 02 мамырда № 8447 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 22 қантардан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.12.2020 жылғы № 553 Бұйрығына сәйкес   
Еңбек жөнінде нормативтік базаны жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7755 тіркелген, Заң газеті 14.08.12 ж., 15.08.12 ж., 16.08.12 ж. 17.08.12 ж., 21.08.12 ж., 22.08.12 ж., 23.08.12 ж., 24.08.12 ж., 28.08.12 ж., 29.08.12 ж., 30.08.12 ж., 04.09.12 ж., 05.09.12 ж., 06.09.12 ж., 07.09.12 ж., 11.09.12 ж. № 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135 (2128, 2129, 2130, 2131, 2132, 2133, 2134, 2135, 2136, 2137, 2138, 2139, 2140, 2141, 2142, 2143), Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № 14 жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басшылардың, мамандардың және тағы да басқа қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында:
«2. Ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамасы» бөлімінде:
«1. Басшылардың лауазымдары» кіші бөлімінде:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және қаржылық бухгалтерлік жұмыс, оның ішінде кемінде басшылық лауазымында 5 жыл жұмыс өтілі болуға тиіс.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Біліктілікке қойылатын талаптар. Орта техникалық және кәсiптік (арнайы орта, орта кәсiптік) бiлiм және қойма меңгерушісі лауазымында жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе есепке алу және бақылау бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе негізгі орта білімі және есепке алу және бақылау бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуға тиіс.».
2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi