Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020
"Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы тiкелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесiлi ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың үлгi ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына толықтыру енгiзу туралы
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 20.11.2019 жылғы № 861 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 мамырдағы № 477 қаулысы
1. «Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы тiкелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесiлi ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың үлгi ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 245-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы тiкелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесiлi ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың үлгi ережесiнде:
18-тармақ мынадай мазмұндағы 58-1) тармақшамен толықтырылсын:
«58-1) Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау, ұйымдастыру және оны өткізу үшін тауарлар мен жұмыстарды сатып алуды қамтымайтын көлемде қажетті көрсетілетін қызметтерді сатып алу;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов
Полная версия