Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 07.08.2017
"Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1617 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 410 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.08.2017 жылғы № 475 Қаулысына сәйкес
1. «Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1617 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға қосымшада:
Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер- Бақытжан Әбдірұлы Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі, төраға Өскенбаев - Қазақстан Республикасының Өңірлік Қайырбек Айтбайұлы даму бірінші вице-министрі, төрағаның орынбасары Жұманғарин - Қазақстан Республикасының Өңірлік Серік Мақашұлы даму вице-министрі, хатшы Аймұхаметов - Ақмола облысының әкімі Қосман Қайыртайұлы Шәйжүнісов - Қазақстан Республикасы Спорт және Аллен Сержанұлы дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Тұрғымбаев - Қазақстан Республикасының Ішкі істер Ерлан Заманбекұлы министрінің орынбасары; мына: «Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономикалық Марат Әпсеметұлы даму және сауда вице-министрі, хатшы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Құсайынов - Қазақстан Республикасының Марат Әпсеметұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
көрсетілген құрамнан Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Ерболат Асқарбекұлы Досаев, Серік Кеңесұлы Нокин, Қадырхан Махмұтұлы Отаров, Қайрат Пернешұлы Қожамжаров, Мұрат Ескелдіұлы Омаров, Қайрат Сағатханұлы Тыныбеков, Елжан Амантайұлы Біртанов шығарылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі комиссияның жұмыс органы болып табылады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Полная версия