Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2015
Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешендік бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 542 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 99 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8425 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 5 мамырдан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 10.03.2015 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 14-бабының 3-тармағына , «Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңын , «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысын іске асыруға сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешенді бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 542 бұйрығына (бұдан әрі - бұйрық) (Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6432 тіркелген: «Казахстанская правда» 2010 жылғы 27 қазандағы № 284 (26345); 2010 жылғы 30 қазандағы № 288-289 (26349-26350); 2010 жылғы 2 қарашадағы № 290 (26351); 2010 жылғы 3 қарашадағы № 291 (26352); 2010 жылғы 4 қарашадағы № 292 (26353); 2010 жылғы 6 қарашадағы № 295-296 (26356-26357); 2010 жылғы 10 қарашадағы № 300-302 (26361-26363 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешендік бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Д.С. Есімов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет–ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі           С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 25 ақпандағы
№ 99 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2010 жылғы 23 шілдедегі
№ 542 бұйрығымен
бекітілген
Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешендік бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешендік бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 14-бабына сәйкес, «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді, аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы бағалау жүргізуді нақтылайды және денсаулық сақтау ұйымдарына таралады.
2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар қолданылады:
1) аккредиттеуші орган - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық департаменттері (бұдан әрі – аумақтық департаменттер);
2) денсаулық сақтау ұйымдары – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) сапа үйлестірушісі – медициналық ұйымның ішкі аудит қызметінің маманы.
Полная версия
ИС BestProfi