«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 31.03.2015
"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.03.2015 жылғы № 168 Қаулысына сәйкес
Редакция 05.02.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жергілікті атқарушы органдар ай-сайын, есептіден кейінгі айдың 15-күніне Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Паспорт өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.05.2013 жылғы 498 Қаулысымен (12.09.2012 ж. редакциясын қараңыз)
Бағдарламаның «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
атауы
Әзірлеу үшін «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-
негіздеме инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір
жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы»
(бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19
наурыздағы № 958 Жарлығы
Әзірлеуші Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
Бағдарламаның Қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу
мақсаты және жаңаларын құру, сондай-ақ экономиканың
шикізаттық емес секторларында өңірлік
кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін
қамтамасыз ету
Бағдарламаның 1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау
міндеттері 2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру
3. Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін
төмендету
4. Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту
Іске асыру 2010 - 2020 жылдар
мерзімі
Нысаналы Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру
индикаторлары мақсатында мынадай нысаналы индикаторларға қол
жеткізілетін болады:
кредиттерді жалпы сомасы кемінде 400 млрд.
теңгеге арзандату;
2015 жылға:
ЖІӨ-нің құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің
үлесін кемінде 12,5 %-ға ұлғайту;
жалпы экспорт көлемдегі шикізат емес сектордың
үлесін кемінде 40 %-ға ұлғайту;
шикізат емес экспорттың көлемін өңдеуші
өнеркәсіптің жиынтық өндіріс көлемінің кемінде
43 %-ына ұлғайту;
өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін кемінде
1,5 есеге ұлғайту
Қаржыландыру Республикалық бюджетте «Бизнестің жол картасы
көздері мен көлемі 2020» бағдарламасын іске асыруға:
2010 - 15,4 млрд. теңге;
2011 - 28,3 млрд. теңге;
2012 - 36,6 млрд. теңге;
2013 - 39,1 млрд. теңге;
2014 - 34,9 млрд. теңге;
2015 - 34,2 млрд. теңге көзделген.
2. Кіріспе
2-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.05.2013 жылғы 498 Қаулысымен (12.09.2012 ж. редакциясын қараңыз) 2-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1596 Қаулысымен (17.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.02.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.07.2014 жылғы № 790 Қаулысымен (31.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) 2-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2014 жылғы № 279 Қаулысымен (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді.
Бағдарлама Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.
Бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын іске асырудың қисынды жалғасы болып табылады, бұл ретте дағдарыстан кейінгі дамуға, қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға мән беріледі.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде:
жобаларды іріктеуді және қаржыландыру (қайта қаржыландыру) жөніндегі шешімді екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі — банктер) және «Қазақстанның Даму Банкі және/немесе оның аффилирленген лизингтік компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Даму банкі) және лизингтік компаниялар (бұдан әрі - лизингтік компаниялар) Бағдарламада белгіленген шарттарға сәйкес дербес қабылдайды;
Бағдарлама шеңберінде ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған кредиттер субсидияланбайды;
Полная версия

