Близость слов: Окончание:





Дербес деректер және оларды қорғау туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңы
Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «ақпараттандыру объектілеріндегі», «мемлекеттік емес ақпараттандыру объектілеріндегі», «ақпараттандыру объектілерімен», «ақпараттандыру объектілеріне», «ақпараттандыру объектілерінің», «мемлекеттік емес ақпараттандыру объектілерінің», «ақпараттандыру объектілерін», «электрондық үкіметтің», «электрондық ақпараттық ресурстарда», «электрондық ақпараттық ресурстардың», «электрондық ақпараттық ресурстарды», «электрондық ақпараттық ресурстардағы», «ақпараттандыру объектілеріне» деген сөздер тиісінше «цифрлық объектілеріндегі», «цифрлық объектілерімен», «цифрлық объектілерге», «цифрлық объектілерінің», «мемлекеттік емес цифрлық объектілердің», «цифрлық объектілерін», «цифрлық үкіметтің», «цифрлық ресурстарда», «цифрлық ресурстардың», «цифрлық ресурстарды», «цифрлық ресурстардағы», «цифрлық объектілерге» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (30.12.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 12.06.2026 жылғы № 311-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 14.07.2026 жылғы № 350-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 14.09.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 11.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң дербес деректер саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ дербес деректердi жинаумен, өңдеумен және қорғаумен байланысты қызметтiң мақсатын, қағидаттарын және құқықтық негiздерiн айқындайды.
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (30.12.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) дербес деректер – дербес деректердің бір немесе бірнеше сәйкестендіргішімен толықтырылған, дербес деректер субъектісі туралы мәліметтер немесе мәліметтер жиынтығы;
2-тармақша өзгертілді ҚР 30.12.2024 жылғы № 148-VIII Заңымен (16.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (30.12.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі (бұдан әрі – мемлекеттік сервис) – дербес деректер субъектісінен дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісім алуды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың цифрлық объектілеріндегі дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен және уәкілетті органмен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қызмет;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңына сәйкес (өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-2) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік емес бақылау сервисі (бұдан әрі – мемлекеттік емес сервис) – дербес деректер субъектісінен дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісім алуды қоса алғанда, мемлекеттік емес цифрлық объектілердегі дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қызмет;
1-бап 2-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңына сәйкес (өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-3) дербес деректерді автоматтандырылған өңдеу – ақпараттандыру объектісінің дербес деректерді өңдеуі, бұл меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның өңдеу процесіне қатысуын болғызбайды;
1-бап 2-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.11.2025 жылғы № 231-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 18.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) дербес деректердi бұғаттау – дербес деректердi жинауды, жинақтауды, өзгертуді, толықтыруды, пайдалануды, таратуды, иесiздендiруді және жоюды уақытша тоқтату жөніндегі іс-әрекеттер;
4) дербес деректерді жинақтау – дербес деректерді қамтитын базаға дербес деректерді енгізу арқылы оларды жүйелендіру жөніндегі іс-әрекеттер;
5) дербес деректерді жинау – дербес деректерді алуға бағытталған іс-әрекеттер;
6) дербес деректердi жою – жасалуы нәтижесінде дербес деректердi қалпына келтiру мүмкін болмайтын iс-әрекеттер;
7) дербес деректердi иесiздендiру – жасалуы нәтижесiнде дербес деректердiң дербес деректер субъектiсіне тиесiлiгiн анықтау мүмкін болмайтын iс-әрекеттер;
8) дербес деректерді қамтитын база (бұдан әрі – база) – ретке келтірілген дербес деректердің жиынтығы;
9) дербес деректерді қамтитын базаның меншік иесі (бұдан әрі – меншік иесі) – дербес деректерді қамтитын базаны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын іске асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға;
10) дербес деректерді қамтитын базаның операторы (бұдан әрі – оператор) – дербес деректерді жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға;
11) дербес деректерді қорғау – осы Заңда белгіленген мақсаттарда жүзеге асырылатын шаралар, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешені;
Полная версия
ИС BestProfi