Близость слов: Окончание:





Сұйытылған көмірсутегі газын теңіз жолымен экспорттауды дамытудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 534 қаулысы
Редакция 29.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Сұйытылған көмірсутегі газын теңіз жолымен экспорттық жеткізуді дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Ақтау теңіз портының сұйытылған көмірсутегі газын жөнелту жөніндегі теңіз терминалының иесімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 1240 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің ашылу, жұмыс істеу және жабылу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы сұйытылған көмірсутегі газын тасымалдауды жүзеге асыратын кемелерді өткізудің технологиялық схемасын бекіту жөніндегі шараларды қабылдасын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.09.2013 жылғы № 977 Қаулысына сәйкес (06.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысымен (17.09.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi