Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.01.2016
"Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1394 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 маусымдағы № 566 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 20 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2015 жылғы № 1108 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1394 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 79-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген фитосанитариялық нормативтерде:
«1. Пестицидтер (улы химикаттар) запасының фитосанитариялық нормативтері» деген бөлімде:
«Болжанған алқаптың запасы пайызы» деген бағанның тақырыбы «, дейін» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«3. Аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық нормативтер» деген бөлімде:
«Өрмекші кене жұмыртқа, дернәсілдер, имаго мақта шанақтанудың басы-пісудің басы танапта өсімдіктердің залалдануы 10 %-дан артық, бір жапыраққа 1,5 кене (100 жапыраққа 150 дарақ)»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Мақтадағы өрмекші кене жұмыртқа, дернәсілдер, имаго мақта шанақтанудың басы-пісудің басы танапта өсімдіктердің залалдануы 10 %-дан артық, бір жапыраққа 1,5 кене (100 жапыраққа 150 дарақ)
Соядағы өрмекші кене жұмыртқа, дернәсілдер, имаго соя өсу кезеңі өсімдіктердің кенемен залалдануы 10 %-дан жоғары, оның саны 1 жапыраққа 10 дарақтан артық»;
«Мақта көбелегі жұмыртқа, жұлдызқұрт мақта шанақтанудың басы-пісудің басы 100 өсімдікке 8-12 жұмыртқа мен жұлдызқұрт»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Мақтадағы мақта көбелегі жұмыртқа, жұлдызқұрт мақта шанақтанудың басы-пісудің басы 100 өсімдікке 8-12 жұмыртқа мен жұлдызқұрт
Жүгерідегі мақта көбелегі көбелек, жұлдызқұрт жүгері өсу кезеңі бір торға тәулігіне 8-10 көбелек, бұл зиянкестің егістіктегі санының өте көптігіне сәйкес»;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Колорадо картоп қоңызы қоңыздар картоп өсімдіктің өсу кезеңіндегі биіктігі 15-25 см дейін картоп түптерінің 0,5-2 %-ына қоныстанған
қыстап шыққан қоңыздар мен дернәсілдер картоп шанақтану кезеңі – гүлдену түптердің 5-8 %-на қоныстанған, 1 өсімдікке 20 дернәсілден келеді».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi