«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Внимание! Документ утратил силу с 20.01.2016
Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1394 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 20 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2015 жылғы № 1108 Қаулысына сәйкес «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.06.2015 жылғы № 15-02/584 Бұйрығын қараңыз
Редакция 01.06.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) фитосанитариялық нормативтер;
2) фитосанитариялық есепке алу нысандары;
3) Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1394 қаулысымен бекiтiлген
Фитосанитариялық нормативтер:
1. Пестицидтер (улы химикаттар) запасының фитосанитариялық нормативтері
1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.06.2013 жылғы № 566 Қаулысымен (30.11.2011 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 03.08.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
Аса қауіпті зиянды организмнің атауы | Болжанған алқаптың запас пайызы, дейін |
Обыр шегіртке тұқымдастар | 30 |
Астықтың сұр көбелегі | 30 |
Қандала-зиянды бақашық | 30 |
Гессен шыбыны | 30 |
Жүгерідегі мақта көбелегі | 30 |
Астық қоңыздары | 30 |
Мақтадағы мақта көбелегі | 30 |
Мақтадағы өрмекші кене | 30 |
Қытайбұршақтағы өрмекші кене | 30 |
Дәнді дақылдар аурулары (тат пен септориоз) | 30 |
Сарышұнақтар мен тышқан тұқымдас кеміргіштер | 30 |
Колорадо картоп қоңызы | 30 |
2. Дәнді дақылдар егісіндегі басым арамшөп өсімдіктерінің түрлері бойынша фитосанитариялық нормативтер
Атауы | Экономикалық зияндылық шегі, шаршы метрге дана | |
Біржылдық біржарнақты | Қара сұлы | 15-20 |
Түкті тары | 25-50 | |
Күрмек тары | 40-50 | |
Көкшіл және жасыл мысыққұйрық | 60-80 | |
Біржылдық қосжарнақты | Егістік қыша | 12 |
Шырмауық таран | 19 | |
Татар қарақұмығы | 7-11 | |
Кәдімгі қызылқұйрық | 10 | |
Егістік қанатжеміс | 18 | |
Көпжылдық біржарнақты | Жауқияқ | 3-6 |
Жатаған бидайық | 3-6 | |
Көпжылдық қосжарнақты | Егістік сарықалуені | 2-3 |
Дала шырмауығы | 4-5 | |
Татар сүттігені | 3-4 | |
Талшық сүттігені | 3-6 | |
Далалық қалуен | 3-4 |
3. Аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық нормативтер
3-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.06.2013 жылғы № 566 Қаулысымен (30.11.2011 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 03.08.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
Аса қауіпті зиянды организмдердің атауы | Аса қауіпті зиянды организмнің даму сатысы | Дақыл және (немесе) жерлер | Дақылдың даму кезеңі | Экономикалық зияндылық шегі (ЭЗШ) |
Үйірлі обыр шегіртке тұқымдастар | | | | |
итальяндық прус | дернәсілдер | ауыл шаруашылығы жерлері | өсу кезеңі | 1 шаршы метрге 5 және одан көп дана |
мароккалық шегіртке | дернәсілдер | ауыл шаруашылығы жерлері | өсу кезеңі | 1 шаршы метрге 5 және одан көп дана |
азиялық шегіртке | дернәсілдер | ауыл шаруашылығы жерлері | өсу кезеңі | 1 шаршы метрге 5 және одан көп дана |
Астықтың сұр көбелегі | жұлдызқұрттар | жаздық бидай (тауарлық егістер) | сүттеніп пісу | 100 масаққа 15 жұлдызқұрттан артық – салқын ауа-райында, 20-дан артық – орташада және 30-дан артық – құрғақшылықта |
| жұлдызқұрттар | жаздық бидай (тұқымдық егістер) | сүттеніп пісу | жоғарыда көрсетілген өлшемдер 2 есе төмен |
Қандала-зиянды бақашық | қыстаған қандалалар | күздік (жаздық) бидай | түптену | 1 шаршы метрге 1-2 қыстаған қандала, құрғақшылық жылдары бұл көрсеткіш 2 есе төмендейді (0,5-1,0) |
дернәсілдер | жаздық бидай | гүлдеу-дән толысудың басы | 1 шаршы метрге 5 дернәсіл | |
дернәсілдер | жаздық бидай | сүттеніп пісу | 1 шаршы метрге 2 дернәсіл | |
Астық қоңыздары: кузька қоңызы, әдемі қоңыз, айқышты қоңыз | имаго | жаздық бидай | гүлдеу-дән толысудың басы | 1 шаршы метрге 3 қоңыздан артық |
Гессен шыбыны | пупарий | бидай болған танаптар (аңыз) | егіске дейін | 1 шаршы метрге 5-10 және одан артық тіршілікке икемді пупарий |
жұмыртқа | жаздық бидай | толық өскін- түптену | 30 %-дан астам жұмыртқалаумен жайланған өсімдіктер | |
Дәнді дақылдардың аурулары: септориоз, қоңыр тат | уредокезең | бидай (күздік, жаздық) | өсудің бірінші жартысы | орта қабаттағы жапырақтардың септориозбен 10-25, жоғарыдағы – 1-5-тен көп емес, қоңыр татпен, тиісінше 5-10 және 1 % залалданған жағдайда. Аурулар одан ерте пайда болса (түтіктенуге дейін) және қолайлы ауа-райы жағдайында бұл көрсеткіштерді 2-3 есе түсіруге, ал кеш пайда болса (сүттеніп пісу) – керісінше, көтеруге болады. аурудың 30 % дамуы |
сары тат | уредокезең | бидай (күздік) | гүлдеу | |
Мақтадағы өрмекші кене Соядағы өрмекші кене | жұмыртқа, дернәсілдер, имаго | мақта | шанақтанудың басы-пісудің басы | танапта өсімдіктердің залалдануы 10 %-дан артық, бір жапыраққа 1,5 кене (100 жапыраққа 150 дарақ) |
жұмыртқа, дернәсілдер, имаго | соя | өсу кезеңі | өсімдіктердің кенемен залалдануы 10 %-дан жоғары, оның саны 1 жапыраққа 10 дарақтан артық | |
Мақтадағы мақта көбелегі Жүгерідегі мақта көбелегі | жұмыртқа, жұлдызқұрт | мақта | шанақтанудың басы-пісудің басы | 100 өсімдікке 8-12 жұмыртқа мен жұлдызқұрт |
көбелек, жұлдызқұрт | жүгері | өсу кезеңі | бір торға тәулігіне 8-10 көбелек, бұл зиянкестің егістіктегі санының өте көптігіне сәйкес | |
Сарышұнақтар | | дәнді дақылдар, көпжылдық шөптер | өсу кезеңі | егістерде және егістен 300 метрлік аймақта – 1 гектарға 5 аң, ал 2 км аймақта – 1 гектарға 15-20 аңнан артық |
Тышқан тұқымдастар | | дәнді дақылдар, көпжылдық шөптер | өсу кезеңі | 25 тұзаққа 3 кеміргіш ұстау (100 тұзаққа шаққанда – 12 %), сондай-ақ учаскеде жапалақтардың топталуы, ал солтүстік аймақта – сұртышқандардың қысқы қарасты ұяларының болуы |
Колорадо картоп қоңызы | қоңыздар | картоп | өсімдіктің өсу кезеңіндегі биіктігі 15-25 см дейін | картоп түптерінің 0,5-2 %-ына қоныстанған |
қыстап шыққан қоңыздар мен дернәсілдер | картоп | шанақтану кезеңі – гүлдену | түптердің 5-8 %-на қоныстанған, 1 өсімдікке 20 дернәсілден келеді |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1394 қаулысымен бекiтiлген
Фитосанитариялық есепке алу нысаны
Полная версия